«Риа Новости» агенттігінде елордада мамырдың 3-4-інде өтпек ІV Астана экономикалық форумына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы төрағасының орынбасары Бақытгүл Сарина, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президентінің міндетін атқарушы Жәмила Бопиева қатысты. Олар алда болатын ІV Астана экономикалық форумының күн тәртібіне шығарылып отырған тақырыптар мен талқылайтын мәселелерді баяндады.
Дәл қазіргі күні елордада өтетін форумға қатысуға қызығушылық танытып отырғандар саны 3 мыңнан астам екен. Оның ішінде 900 шетелдіктер бар. Экономикалық форумға Нобель сыйлығының лауреаттары Джеймс Мирлис, Роберт Ауманн, Роберт Манделл, Финн Кидланд, Джон Нэш, Эрик Маскин және Роджер Корнбергтер келеді деп жоспарланып отыр. Бұл форумның бірегейлігін арттыра түспек. Астана экономикалық форумы еуразиялық кеңістікте дәстүрлі үнқатысу алаңына айналды. Біздің Санкт-Петербург форумы, Азиялық Баос форумы бейнесінде бәсекелестеріміз бар. Алайда оларда көтерілмеген немесе жеткілікті талқыланбаған бос кеңістік біз өткізгелі отырған форумда толтырылады. Сондай-ақ Астана экономикалық форумы тек Қазақстанға, Орталық Азия және ТМД туралы ғана емес, халықаралық экономикалық даму, азық-түлік қауіпсіздігі, экологиялық дамуды да талқылайды, деді баспасөз конференциясында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов. Вице-министрдің айтуынша, биылғы жылғы форум жүгі үш бағытта қарастырылмақ: әлемдік экономика, бизнес және инвестиция, қоғам және тұрақты даму.
3-4 мамырда индустриялық-инновациялық жобалар көрмесін өткізу жоспарлануда. Форум аясында ірі қазақстандық және шетелдік ұйымдар арасында келісім-шарттар мен меморандумдар бекіту, инфрақұрылымға және банк секторына инвестиция тартылу күтілуде.
Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10