Бокс • 18 Наурыз, 2017

Төрт қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Халле қаласында бокстан өткен «Chemistry Cup» халықаралық турнирінде төрт қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті.

Төрт қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Ақтық сынға бес боксшымыз қатысты. Олар: Азамат Исақұлов (52 кило), Абылайхан Жүсіпов (69 кило), Әбілхан Аманқұл (75 кило), Василий Левит (91 кило) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кило). Осылардың арасынан тек Абылайхан Жүсіпов қана қарсыласы германиялық Аббас Барауға есе жіберді.

Қазақстандық боксшылардың нәтижесі:

Азамат Исақұлов – Овик Оганесян (Ресей) 4:1

Абылайхан Жүсіпов – Абасс Барау (Германия) 1:4

Әбілхан Аманқұл – Макс ван дер Пас (Нидерланд) – қарсыласының жекпе-жекті жалғастыра алмауынан Аманқұлов жеңіске жетті.

Василий Левит – Владимир Узунян (Ресей) 5:0

Камшыбек Қоңқабаев – Андрей Городецкий (Украина) 5:0.

Соңғы жаңалықтар