22 Сәуір, 2011

Өңірдегі ауыс-түйістер

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Анзар Мұсаханов қызметіне кіріскен аз күнде өңір­дегі ауыс-түйісті бастады. Талды­қор­ған қаласын 12 жыл бас­қарып, шаһардың көрікті қалаға айналуы мен шағын және орта кәсіп­кер­ліктің дамуында, басқару ісінде өзіндік қолтаңбасын қа­лыптас­тыр­ған қала әкімі Сәкен Жыл­қай­даров Алматы облысы әкімінің өкі­мімен облыс әкімінің орын­ба­сар­лығына тағайындалды. Бұдан соң қалалық мәслихат­тың кезектен тыс сессиясы өтіп, де­путаттар назарына Талды­қор­ған қаласының әкімі лауазымына бұған дейін Жамбыл ауданын бас­қарған Махаббат Бигелдиев­тің кандидатурасы ұсынылды. Де­путаттар оны бірауыздан қол­дап, келісім берді. Бейсенбі күні облыс әкімі Жамбыл ауданы активінің жиы­нына қатысты. Аудандық мәс­ли­хаттың кезектен тыс сес­сиясында депутаттар аудан әкімі қызметіне ұсынылып, бұ­ған дейін облыстық «Қазпошта» АҚ басшысы болған Бинәлі Ысқақтың кан­ди­датурасын қол­дады. Жинал­ған­дарға жаңа әкім­ді таныстырған өңір басшысы бүгінгі таңдағы мемлекеттік органдардың ал­дын­да тұрған міндеттерге тоқталды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.