18 Наурыз, 2017

Қазақстанда «Жас отбасы» бағдарламасымен үй беру тоқтатылды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша пәтер сатылымы республика бойынша тоқтатылды, деп жазады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі. Бұдан былай бұл санаттағы азаматтарға «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспанаға өтініш бере алады.

Қазақстанда «Жас отбасы» бағдарламасымен үй беру тоқтатылды

Естеріңізге сала кетейік, «Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасында қарастырылған еді. Ресми некедегі 29 жасқа дейінгі жас отбасылар алдын ала төлемсіз пәтер алу бағдарламасына қатыса алатын еді. Бұл бағытты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүргізген болатын.

Министрліктің мәліметінше, 2018-2019 жылдары бұл бағыт бойынша мемлекеттен қаржы қарастырылмаған.