Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменовтің төрағалығымен Қазақстан мен Түркия арасындағы қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша төртінші отырыстың қорытындысы шығарылды.
Екі күндік отырысты қорытындылаған генерал-майор Т. Жанжүменов Түркия Қазақстанның қорғаныс саласындағы басты әріптесі екенін баса айтты. Сонымен қатар, екі ел арасындағы әскери-техникалық әріптестікті жоғары әрі сапалы деңгейге көтерудің маңыздылығына тоқталды.
Меймандарды бастап келген Түркия Ұлттық қорғаныс министрі орынбасарының технология және үйлестіру жөніндегі кеңесшісі генерал-лейтенант Н. Көкмен қазақтың дәстүрлі қонақжайлылығына ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, екі ел қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорындар салудың маңыздылығына тоқталды.
Тараптар 2012 жылы өткізуге жоспарланып отырған бесінші отырыста Түркияда кездесуге келісті.
«Қазақстан инжиниринг» АҚ сарапшылары мен Түркия компаниялары өкілдері жуырда кездескен болатын.
Оксана ПАРПУРА.