22 Сәуір, 2011

Әкім сергектік танытты

435 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ЖАЗУШЫНЫҢ ТАҢДАМАЛЫ ЕРТЕГІ-ХИКАЯТТАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ Жуырда елде тұ­ра­тын ертегіші-жа­зу­шы Таупық Рым­жа­новтың «Ертегі – хикаяттар» деген атпен екі томдық таң­дамалы шығар­мала­ры жарық көрді. Он­ың әрқайсысына екі хикаяттан төрт шы­ғармасы жария­лан­ған. Бұлардың ал­ғаш­қысы осыдан ши­рек ғасырдан астам бұрын «Жалын» бас­пасынан жа­рық көр­ген болатын. Солардың ішінен «Зәйтүнқар­лы­ғаштың ерлігі» ат­ты ертегі-хи­кая­сы бұған дейін үш рет жарық көрген бо­латын. Со­ның үшінші­сін­де 2003 жылы республика Білім және ғылым ми­нистрлігінің бағ­дарла­масы бой­ын­ша «Жазу­шы» баспа­сынан шық­­қан «Қазақ балалар әде­бие­тінің қазынасы» атты се­рия­лық жиыр­ма томдыққа енген-ді. Ертегіші-жазушының шығар­машылығы туралы кезінде белгілі сыншы-ғалымдар Мырзабек Дүй­сенов, Тұрсын Сыдықов, Бекен Ыбырайым арнайы сөз қозғаса, бұл жолғы қос томдықтың ал­ғы­сөзін филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ер­денбеков жазған екен. Ол елде тұратын ертегіші жазушының көп жылдық еңбегі туралы кеңінен талдап жазыпты. Балалар әдебие­ті саласындағы халықаралық «Дарабоз» конкурсының екі рет қа­та­ры­нан жеңімпазы атанған жа­зушы ең­бегі оған әбден лайық деп білеміз. Шындығында мамандығы жө­нінен физик-математик мұғалім­нің, оның үстіне соңғы ондаған жылдардан бері негізінен орыс тілді Бородулиха өңірінде тұра­тын Тәукеңнің туған әдебиеті­міздің ертегі сынды жанрымен шұғылданып келе жатқаны үлкен ерлік. Соны ескерген Бородулиха аудандық әкімдігі аталған қос томдыққа демеушілік жасапты. «Міне, соңғы екі жылдан бері облыс әкімі Бердібек Сапар­баев­тың  бастамасымен «Туған жерге тағзым» және «Туған жер – алтын бесігім» деген атпен екі бірдей акция тұрақты түрде өтіп келеді. Соған орай жыл басынан бері жерлес жазушымыздың төрт том­дық шығармалар жинағының екі то­мын шығарып үлгердік. Бұй­ыртса қалған екі томы да жарық көретін болады»  дейді аудан әкі­мі Талап Қасымов. Бұл енді құп­тауға тұ­рарлық қамқорлық деп білеміз. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.