«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қызметкерлері Елбасының Батыс Қазақстан облысы халқына көмек көрсетуге шақыруына үн қосты.
«Нұр Отан» ХДП ҚМГ БӨ орталық аппаратының партиялық тобы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне компанияның барлық қызметкерлеріне өздерінің үн тастауын ұсынды. Елбасы онда су тасқынынан зардап шеккен халыққа қазақстандықтарды көмек көрсетуге шақырған болатын.
«Келіңіздер, қолдауға нақты мұқтаждардың барлығына жәрдем қолымызды созайық. Барлық қазақстандықтардың нағыз бауырластығы осылайша ғана беки түсетін болады. Адамдар қаза тапқан Қызылағашта осылай болды. Барлығы үн қатты, адамдар соңғы сайлаудағыдай бірлік танытты, біз текке жұмыс істемейтінімізді көрсеттік», деді өткен дүйсенбіде Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында Елбасы.
ҚМГ БӨ бас директоры Аскар Балжанов Атырау облысына осы аптада барған сапарында және «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларының еңбек ұжымдарымен және басқа мұнайшылармен кездесу кезінде ол зардап шеккен отандастарымызға бір күндік жалақыларын аудару бастамасын көтерді.
Мемлекет басшысының, «Нұр Отан» партиясының шақыруларын және өздерінің әріптестерінің бастамаларын ҚМГ БӨ орталық аппаратының қызметкерлері, Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» және Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарының, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлері қолдады.
Су тасқынының салдарын жою үшін көмек қорына бір күндік жалақы аударылатын болды. Апат аймағында қалған адамдарға қолдау көрсетуге алдын ала есептер бойынша, кемінде 50 миллион теңге жіберіледі.