22 Сәуір, 2011

Көмек қолын созды

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚПО Б.В. қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына көмекке қаражат беруде АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2011 жылғы 19 сәуірде – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы Ба­тыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке алапат су тасқынына байланысты өздерінің шын ниетті сөзі мен қолдауын білдіретін жеделхат жолдады. Табиғат апатының салдарынан Жайық бойының көптеген елді мекендері су астында қалды. Жеделхатта жекелей алғанда ҚПО Б.В. ұжымы өңір өмірінің қиын да қысталаң сәтінде өздерінің бейжай қалмайтындықтарын білдіретін және БҚО-дағы табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек беру қорына бір күндік жалақыларын аударуды шешкендігі туралы айтылады.