22 Сәуір, 2011

Нақты ұсыныстар берілді

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Рес­пуб­ликасының Қауіп­сіз­дік Ке­ңе­сі жанындағы Сарапта­ма­лық кеңестің отырысы бо­лып өтті. Күн тәртібі бой­ынша Орта­лық Азияның ай­мақтық қауіпсіздігін қам­­та­масыз ету мәселелері қаралды. Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіп­­сіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин  аймақтық қауіп­сіздікке кері әсер ететін транс­шекаралық сипаттағы лаңкес­тік, діни экс­тремизм, заңсыз көші-қон, есірткі айналымы сияқты қауіптер мен қатерлерді атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азияда Қазақ­стан Рес­публикасының ұлт­тық мүдде­лерін жүзеге асы­рудың маңызды аспектілері аймақ қауіпсіздігінің қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет ету бойынша тиімді шаралар құру, сауда-экономикалық ын­ты­­мақ­тастықты күшейту, со­нымен қатар, қоршаған ор­таны қорғау және аймақтағы су мәселесін шешуге назарды күшейту болып отыр. Талқылау барысында қа­рас­­ты­рылып жатқан мәсе­лелер бой­ынша Сараптамалық кеңес Қа­зақ­стан Респуб­ликасы Қауіп­сіз­дік Кеңесінің және осы ве­домствоның Ме­кеме­аралық ко­мис­сиясының жұ­мыстарында пай­­далануға бо­ла­тын нақты ұсыныстар берді. «Егемен-ақпарат».