22 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтау, ізгі тілек

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сай­лаудағы сенімді жеңісімен Сербия Республикасының Президенті Борис Тадич құттықтады.  Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға орай, Сізді Сербия Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын және ең ізгі тілегімді білдіремін. Біздің жоғары деңгейдегі өзара әрекеттесуімізді достастық және өзара түсіністік рухы негізінде әрі қарай бірлесіп серіктесу мақсатында жалғастыратынымызға сенімдімін.