22 Сәуір, 2011

Ақ тілектер ағыны

484 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік саяси және қоғам қайраткерлерінен, ғылым, білім, мәдениет және өнер қайраткерлерінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар­дың жетекшілерінен, компаниялар басшыларынан, шетел азаматтарынан президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау хаттар көптеп түсуде. Мемлекет басшысын сайлау­дағы ірі жеңісімен БҰҰ Балалар қоры атынан ЮНИСЕФ-тің Қа­зақ­стан Республикасындағы өкілі Ханаа Сингер шын жү­рек­тен құттықтайды. «ЮНИСЕФ Сіздің балалар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған сая­саты­ңыздың басымдық­та­рын жоғары бағалайды, – деп атап өтеді Х.Сингер хатында. – Бұл бала­лар­дың мүдделері мен құқықтарын сақтаудағы әлеу­меттік және эко­номикалық сая­сатты негіздеуге мүмкіндік береді. Сізді ЮНИСЕФ Қазақ­стан­ның балалар мен аналар­дың денсаулығын және сапалы өмір сүруін жақсар­ту­да­ғы, Қа­зақ­станда балалардың құ­қы­ғын қорғаудағы әлеуметтік және эко­номикалық тұрақты­лық­­ты ны­ғайтуда ерекше рөл атқара­тын­дығына сендіргім келеді». Мемлекет басшысын сайлау­да­ғы тамаша жеңісімен М.­В.Ло­моносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің сту­денттері мен ұжымы атынан осы университеттің ректоры,  РҒА-ның вице-президенті, академик Виктор Садовничий құт­тықтады. «Әлемде беделді орын алатын жаңа Тәуелсіз мем­лекет – Қа­зақ­стан Респуб­ли­ка­сының мемле­кет­тілігінің  қа­лыптасуы Сіздің атыңызбен байланысты, – деп жазады В.Садовничий хатында. – ХХ және ХХІ ғасырдың то­ғысында жаңа мемлекетті құруда елдің басында Сіз тұрдыңыз. Ал­дағы уақытта қазақстандық және ресейлік бірлескен жобалардың дамуына, академиялық ынты­мақ­тастықты нығайтып, ғылы­ми байланыстарды кеңейтудің ма­ңы­здылығын есепке ала оты­рып, екі елдің ғалымдары осы салаларда тиімді іс-қимыл жа­сайтынына сенімдімін. Мәскеу университеті біздің ортақ мақ­са­тымыз – білім мен ғылыми жетістіктерге қол жеткізу ісіне өзінің үлесін қосуға әрқашан да дайын екендігіне сендіргім келеді». Қазақстан Президентін сай­лау­дағы тамаша жеңісімен Ресей Мемлекеттік Думасының депута­ты, Ресей Батыры, ғарышкер-ұш­қыш Николай Бударин құт­тықтады. «Сізді және барлық Қазақстан хал­қын қол жеткізген табыстарымен, көрсеткен мақсат­керліктерімен құт­тық­таймын. Нұр­сұлтан Әбішұлы, жеке өзі­ңізге және Қазақстан үкі­метіне ғарыш са­ласындағы атаулы жобаларға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын», – деді ға­рышкер құт­тықтау хатында. Мемлекет бас­шысын сайлаудағы тамаша жеңі­сімен Ресей Федерациясы Баш­құрт­стан  Республикасындағы «Елім-ай» қазақ ұлттық-мәдени орталығының мүшелері құттық­тады. «Сіздің біздің тарихи Ота­нымыз – Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті болып қайта сайлануыңызға ерекше қуа­ныш­тымыз. Біз Сіздің Қазақ­станды дамытып, өркендету жо­лын­дағы жемісті жұмысыңызды жалғасты­ра беретіндігіңізге сенімдіміз. Біз Сізбен жайлы өмір сүретін бо­ламыз, біз Қазақстан үшін әрқа­шан да сенімдіміз», – делінген хатта. Мемлекет басшысын сайлау­дағы ерекше жеңісімен Қырғыз­стан халқы Ассамблеясының мү­шелері де құттықтады. «Қазақ­стандағы президенттік сайлау қа­зақстандықтардың өзінің тағды­ры мен елдің тағдырын Сізге сеніп тапсырғандығын көр­сет­ті. Бұл – Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің жарқын көрінісі. Біз Сізді Қазақстанның эволюциялық дамудағы табыс­та­рымен, бұл – достық пен жа­сампаздықтың сал­та­натты же­ңісі болып табы­ла­тын­ды­ғымен құттықтаймыз», деп атап өтеді хатында олар. Қазақстан Президентін сай­лаудағы тамаша жеңісімен СІТІС директорлар тобы кеңесі­нің төр­ағасы Чан Чжэньмин құттық­та­ды. «Сіз Қазақстанға басшылық жа­саған жылдардан бері Қазақ­стан өзінің халықар­лық арена­да­ғы мәртебесін ай­тарлықтай бекемдеді, – деп жазады ол құт­тықтау хатында. – Елдің әлеу­меттік тұрақтылы­ғы нығайды, экономикасы қар­қынды дамып келеді, қазақ­стандықтардың өмір сүру сапа­сының деңгейі өсуде. Ұлт Көш­басшысы ретінде Сіз өзіңіздің аса көрнекті басшы және ерекше тұлға екендігіңізге, Қазақ­стан халқының қолдауы мен сүйіс­пеншілігіне бөленген­ді­­гі­­ңіз­ге Сіздің президенттік сай­лауда абсолютті жеңіске жет­кен­­дігіңіз толық дәлел болады. СІТІС тобы Қазақстанның сенімді әріптесі және шынайы досы болып табылады. Сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында біз Сіздің еліңізде бірқатар ин­вес­тициялық жобаларды табыс­ты және жемісті жүзеге асырып келеміз. Біз Қытай мен Қа­зақстан арасындағы стратегия­лық әріп­тестікті дамыту үшін екіжақты ынтымақтастықты алға қарай дамытуға дайынбыз». «Трансаэро» авиа­компания­сының басшылығы мен ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған құттықтау хатында Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген толайым табыстарын Қазақстан Президентінің сали­қа­лы саясатымен байланыс­тырады. «Қазақстанның тәуел­сіз­дік алған жылдардан бергі қол жеткізген табыстары бізді таңқалдырады, – деп жазады авиакомпания ұжымы. – Елдің осы табыстарын болашақ әр­дайым есте қалдыратынына біз сенімдіміз. Осынау жетістік­тердің нақты мысалын ғажайып қала – Астананың қазіргі көркі, бет-бейнесі арқылы көруге болады. Бұл – Қазақстан халқы­ның ұлылығын бейнелейді».