«Қазақстанда Головкинмен жұдырықтасуға қарсы емеспін. Бұл маған аса қатты қиындық тудырмайды. Жекпе-жек жөнінде келісімшартқа қол қоюға дайынмын. Жұма күнге дейін Геннадийден хабар күтемін. Ешнәрсе өзгермесе басқа қарсылас іздеймін. Карьерамды жалғастыруым керек», – деген еді Билли Джо Сондерс.
«Бұл керемет қой. Ол сөзінде тұрса болғаны, біз бәріне дайынбыз», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысынан кейінгі тілшілердің қойған сұрағына.
Айта кетейік, қос боксшы қазіргі уақытта Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бокс кеші Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында өтуі мүмкін.