«Астана Арена» стадионындағы жасыл алаңды алмастыру жұмыстарының басталуына және елордалық ұжымның өз алаңында кездесулерін өткізетін басқа стадионның болмауына байланысты «Астана» футбол клубы «Шахтер» клубы мен Кәсіпқой футбол Лигасына кездесулерін алмастыруға өтініш білдірген болатын», – делінген хабарламада.
Нәтижесінде, «Астана» мен «Шахтер» өз алаңдарында өткізетін матчтардың орнын ауыстырды. Яғни, елордада өтуі тиіс ойын 1 сәуір күні Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында, ал 27-28 мамыр күндері Қарағандыда жоспарланған матч Астана қаласында өтетін болды.