Кәсіпорында йогурттан бастап, шоколодқа дейінгі сүт өнімінің 30 атауын шығару жолға қойылған. Тағамның бәрі денсаулыққа пайдалы бие сүтінің негізінде жасалған. Осындай жолмен Қазақ тағамтану академиясының басшысы саламатты өмір салтын насихаттауда.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары академиктің бастамасына қолдау білдіріп, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға біздің ғалымдардың белсене атсалысуы керек екеніне тоқталды.
«Еліміздің жасы мен кәрісінің бәрі де жақсы білетін академик Шармановтың жетістіктері – осының жарқын мысалы. Ел ағасы атана бастаған жасына қарамастан, белгілі ғалым жоғары сапалы өнім шығаруды жолға қойды және балалар тағамының экологиялық таза өнім өте маңызды», − деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Өз кезегінде Төрегелді Шарманов кәсіпорын шығаратын өнімнің бірегейлігін тілге тиек етті. Ол әлемде дәл осындай тағамның жоқ екенін мәлімдеді. «Бүгінгі таңда біз − қанты жоқ, зиянды майы жоқ осындай тағамдарды шығаратын жалғыз кәсіпорынбыз, біз мұны өзіміздің ұлттық брендіміз санаймыз. Бұл ел экономикасының нығая түсуіне жағдай туғызады, өнімімізді экспорттап, халықтың ұзақ өмір сүруіне септігін тигізеді, балаларымыздың әдемі болып өсіп, түрлі аурулардан сақтануына мүмкіндік береді», − деді академик.
«Егемен-ақпарат»