Қазақстан • 29 Наурыз, 2017

Кәрім Мәсімов Бейжіңде Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Бейжіңге барып, онда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэкуньмен кездесті.

Кәрім Мәсімов Бейжіңде Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті

Кәрім Мәсімов Қазақстан Қытаймен арадағы құқық және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін айтты, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Өз кезегінде Го Шэнкунь Қытайдың Қазақстанмен терроризмге қарсы күрес, киберқауіпсіздік, есірткі айналымының алдын алу, айтулы ірі шараларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде әріптестік орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар