Астана қаласының балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі республика көлемінде алғашқы болып өз аумағында қысқы оранжерея ашқан болатын. Енді жалпы аумағы 52 шаршы метрді құрайтын жылыжайдан балалар өз қолдарымен отырғызған алғашқы өнімдерді жинай бастады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бұл жоба «Эксон Мобил Казахстан Инк» корпорациясының демеушілік қолдауының арқасында жүзеге асып отыр. Әсіресе, бұл жерде компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Гүлнар Нұғманның осы оранжереяны ашуға көп еңбегі сіңгенге ұқсайды. Балалар өткен жылдың желтоқсан айында мұнда қызанақ, қияр, сәбіз, ақжелкек, укроп, шалған, бұршақ отырғызса, биылғы жылдың наурыз айынан бастап өнімдерін жинауға кірісіп кеткен. «Бұл, бір жағынан, балаларға «біздің де қолымыздан еңбек ету келеді екен-ау» деген сенім ұялатса, екіншіден, олардың еңбек дағдыларын қалыптастырып, қоғамға бейімделуіне жол ашады. Осы орайда оранжереяны ашуға қолұшын беріп, қаржылай демеушілік жасаған корпорацияға алғысымыз шексіз», – дейді мүгедек балалар мекемесінің директоры Серік Бөпежанов.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың осылай өз бетінше еңбектенуін медицинада агротерапия дейді. Бұл – олардың бұлшық еттерін қатайтуға, буындарында қимыл-әрекетті көбейтуге бағытталған жаңа әдіс. Сондай-ақ, табиғатпен етене болу жасөспірімдердің өмірге деген құлшынысын арттырып, тазалықты, әсемдікті сезіндіретіні де анық. Сондықтан қысқы бақты ашудағы түпкі мақсат – жылыжайдан тек өнім жинау ғана емес, сәби жүздерін ертерек мұң шалған балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сол арқылы денсаулықтарының, көңіл-күйлерінің түзелуіне ықпал жасау.
«Қысқы оранжереяның ашылғаны балалар үшін қуаныш, дей тұра, бұл жерде мына бір мәселені айтпай кетуге болмас. Қазіргі күні мүгедек балаларды еңбекке баулу, олардың қоғамдық ортада еңбек етуіне мүмкіндік жасау жағы кемшін. Біз үшін көбінесе олардың әлемі құпия әрі «жабық» күйінде қалып келеді. Мәселенің бұл тұсын анық аңғарған Астана қаласының әкімдігі 2000 жылы жұмыс берушілерді мүмкіндігі шектеулі жандарға 3 пайыздық квота беруге міндеттегені де есте. Бірақ жұмыс берушілердің мүдделі болмағанымен қоймай, мүгедек балалардың еңбек етуге қабілеттері төмендігінен де бұл норма орындалып отырған жоқ», – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бастығы Қайни Манабаева. Оның айтуынша, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің бірлесіп осындай әлеуметтік жобаларды іске асыруы өзгелерге үлгі болуы тиіс. Өйткені, елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың мекемесі біреу ғана емес, сондай-ақ, азаматтық танытатын корпорация басшылары да жетерлік.
Айгүл СЕЙІЛОВА.

Нью-Йорктегі тәртіпсіздік: Фанаттар автобусты өртеп жіберген, АҚШ,
Әлем • Бүгін, 21:49
Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 20:25
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Бүгін, 20:10
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00