Елордадағы Академиялық ұлттық кітапханада әлеуметтанушылар дөңгелек үстел ұйымдастырып, осы сала бойынша өз ой-байламдарын ортаға салды. Оған ұйытқы болған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары еді. Профессор Т.Қалдыбаева еліміздің әлеуметтану саласы бойынша тәуелсіздік жылдарында атқарған жұмыстарға тоқталса, А.Родионов кәсіби өсу мәселесін қозғады. Жалпы, әлеуметтану мамандығы туралы әлі де ұғым шектеулі екенін, маман дайындау мәселесі күн тәртібінде тұрғанын алға тартып, қазір жұрт әлеуметтанушы тек анкеталық сауалдама жүргізуші деп білетінін, шындығына келгенде, білікті әлеуметтанушы – ол ғалым, қоғамды зерттей отырып, саясат жасаушыларды дұрыс жолға бағыттаушы, шынайы зерттеулері арқылы қоғамдық сананы тәрбиелеуші дегенге нақты дәлел-дәйектер келтірді.
«Егемен-ақпарат».