Маңғыстауда кімім бар осы менің?
Алады онда біздерді есіне кім?
Қуаттансам деп едім, топырағынан
Шығар ма екен алдымнан тосып елім?
Оғыландыны түсімде көрем кейде,
Сонда қайғы-мұңымды өшіремін.
Пір бабамыз дем беріп жатыр-ау деп
Ақ боз атқа мінгендей көсілемін...
Келмей жүрсем бұл жаққа төзім жылап,
Жүрегім де сүйрейді, көзім бұлап.
Маңғыстауда патшадай сезінемін,
Неге екенін білмеймін өзім бірақ.
Міне, осылай деп Маңғыстауын жырға қосатын азамат ақынды аймақ басшылары, өнер-мәдениет өкілдері әуежайда тағатсыздана тосып, алқызыл гүлдермен, ән-жырмен қуана қарсы алды. Аймақтағы алғашқы қадам шапағатты Шопан ата арқылы ел иесі, жер киесі Пір Бекет атаның мәңгі дамылдаған Оғыланды жер асты ғимаратына барып зиярат етуден басталды. Шалғайдағы Тұщықұдық ауылындағы кездесуде:
Құмы – мамық бұл жердің, суы балдай,
Жүр біреулер киесін ұғына алмай.
Балқаймағын, шұбатын тосып алдан,
Барсаң бәрі күтеді дымы қалмай.
Сонда сенде сезесің Маңғыстаудың
Шыңы қандай, шың тектес ұлы қандай - деп жыр төкті ақиық ақын.
Қазыналы түбектің түп қазығы Форт-Шевченко қаласында, Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіндегі студент-жастармен кездесулер де әсем, әсерлі болды. Қайраткер ақын аймақтағы тарихи орындар, табиғаты көрікті жерлер мен өркенді өзгерістерді де назардан тыс қалдырмады. Ал кеше облыс орталығында «Өлең, мен сені аялап өтем...» атты поэзия кешіне жиналғандар Мәдениет сарайына сыймай кетті. Алғашқы сөз алған халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлы: Фариза Маңғыстаудың киелі топырағынан қуат алған жыр падишасы, қазақ поэзиясының түндігін желпілдетіп тұрған тұлға. Фаризамен бірге жүріп, өмір кешіп, құрдас қылған тағдырға дән ризамын – деп тебірене, толғай сөйлеп, «Сіздерді қатты сағынып келіп еді. Ел де солай екен, төбелеріне көтеруде», – деп жиналғандарға ризашылық сезімін жеткізді. Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев «Бұл бір өлкемізге ерекше нұр төгілген күндер болып тұр. Айсәуле анамыз «қос құлыным» деп еркелеткен әдебиетіміздің қос алыбының аймағымызға атбасын тіреуі біздер үшін үлкен қуаныш. Жыр алауын жалындата беріңіз. Жан жадыратар жауһар жырларыңыз көп болсын, Фариза апай!», деген игі тілегін айтып, ақынға ұлттық дәстүрмен иығына қазақы камзол жауып, темір тұлпардың кілтін тапсырды.
Бұл кеште өлкенің айтулы өнерпаздары Р.Айдарбаева, Т.Асар, Е.Құлиев, Ж.Көшкінов, А.Ерімбетова, А.Көшеров Фариза апайдың сөзіне жазылған, ақынға арналып шығарылған әндер мен күйлерді нақышына келтіріп орындаса, айтулы айтыс ақыны М.Қосымбаев өз арнауын, ақындар Ә.Бимағанбетов, Р.Қосбармақов, С.Шортанова, «Жанартау» жас ақындар клубының мүшелері, мектеп оқушылары ақынның шығармаларымен өз туындыларын оқыды.
Жиналғандар ақынның өзі оқыған Маңғыстау туралы жазылған жаңа жырларын жылы қабылдап, қол соғып қошемет көрсетті. Жырсүйер қауым құшақ-құшақ алқызыл гүл сыйлап, азаматтық әуенге толы асқақ жырлары үшін ақынға алғыс сезімдерін білдірді. Сый-құрметте шек болмады. Қысқасы, маңғыстаулықтар үшін жыр патшайымы атанған Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін тыңдап, онымен емен-жарқын әңгімелесу аймағымыздың мәдени-рухани өміріндегі ерекше есте қалатын оқиға болды. Өнерсүйер қауым бір желпініп, бір серпіліп қалысты.
Жоламан БОШАЛАҚ.
Маңғыстау облысы.

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10