Бұрнағы күні Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқты боксшы Әбдісалан Нұрмахановты еске алу шарасы болып өтті.
Спортсүйер қауым бас қосқан жиылысты ашқан академияның президенті, профессор Қайрат Зәкіриянов өз сөзінде көк байрағымыздың әлемдік додаларда биік желбіреуіне жол ашқан білікті ұстаз, ғалым Ә.Нұрмахановтың есімі осы оқу орнының ең жақсы жабдықталған жаттығу залына берілгенін, жыл сайын даңқты боксшы атындағы стипендияны қабілетімен көзге түскен студентке тағайындап отырғандықтарын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Жұрынов, Алматы қалалық бокс федерациясының президенті, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт мектебінің директоры А.Тшан, Қазақстанның ардагер боксшылары федерациясының төрағасы, дәрігер М.Дайырбеков, КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, АИБА төрешісі Б.Цхарашвили секілді Әбдісалан Нұрмахановтың замандастары мен тәлімін көрген шәкірттері естеліктер айтып, боксшы қазақтың есімін болашақ ұрпақ ұмытпас үшін игі істер атқару жөнінде пікірлерін ортаға салды. Экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден боксшының зайыбы Күлпаш Нұрмаханованың иығына қазақтың дәстүрімен қамзол жауып, сый-сияпат көрсетті.
Қазан айында Алматыда қалалық және облыстық бокс федерацияларының ұйымдастыруымен Ә.Нұрмаханов атындағы халықаралық турнир өтетін болды. Азия-Африка ойындарының жеңімпазы, КСРО халықтары спартакиадасының екі дүркін жүлдегері, КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, қазақтың даңқты боксшысы Әбдісалан Нұрмаханов тірі болғанда биыл 75 жасқа толар еді.
Қанат ЕСКЕНДІР.
Алматы.

Тоқаев Ерлан Қошановқа алғыс айтып, AMANAT-тың тарихи шешімін жоғары бағалады
Саясат • Бүгін, 22:18
Әлем кубогы: Қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды
Спорт • Бүгін, 21:55
Нью-Йорктегі тәртіпсіздік: Фанаттар автобусты өртеп жіберген
Әлем • Бүгін, 21:49
Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 20:25
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Бүгін, 20:10
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10