23 Сәуір, 2011

Тәуелсіздікті тойлау мен оның ұлағатын ойлау

423 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы бір күнде атап өтіле салатын көп шараның бірі емес. Еншісі бөлек ел болғалы біткен істерді түгендеп,  өткенге есеп беріп, келешектің мұнан да кемел болуын ойластыратын уақыт жетті. Осыған орай кеше Алматыдағы Достық үйінде Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республика­сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» жылын атап өтудің жай-жапсарын талқылаған Мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы болып өтті. Келелі жиынға Президент Әкімшілігінің жауапты қызмет­керлері, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Алматы қала­сы мен бірнеше қоғамдық ұйымдардың басшылары қатыс­ты. Комиссия отырысында мерейтой жылын Алматы қа­ла­сында өткізу жөнінде жос­пар­лан­ған іс-шараларды жүзеге асы­ру­дың жайы қозғалды. Отырыс тізгінін қолға алған Қанат Саудабаев: – Елбасы қаңтар айындағы Қазақстан халқына Жолдауында мерейтойлық іс-шаралардың жал­­пыұлттық жоспарын жүзеге асы­ру жалпыхалықтық сипатқа ие болуы қажет екендігіне ерекше тоқталды. Біз әрбір қазақстан­дық­тың өз бойында, өз отба­сын­да тәуелсіздік алып келген игі өз­герістерді сезінуі үшін, еліміздің одан әрі дамуына, Қазақстан халқы бірлігінің нығаюына үлкен белсенділікпен атсалысуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Оған қоса, жақында ғана өткен президенттік сайлауда Нұр­­сұлтан Назарбаевтың тең­дес­сіз жеңісінен кейін Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық, қоғам­дық-саяси дамуының, ха­лық бірлігін одан әрі ны­ғай­туының, ха­лықаралық беделінің жаңа, сапалы кезеңіне аяқ басып отыр, – деді. Мерейтой жылы, мерекелер­дің шарықтау шегі тәуелсіздіктің алтын бесігі болған – Алматы қаласында атап өтілетінін ескеретін болсақ, оңтүстік астанаға ар­тылатын міндеттердің де орасан екендігі көрінуде. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекеттік хатшы: – Алматы – ерекше қала. Елімізде өткен небір айтулы оқиға­лар да осы қаламен тағдырлас. Оған қоса, Мемлекет басшысы ең қиын-қыстау жылдарда да осы қаланың орнын ешқашан ұмыт­қан емес. Тәуелсіздіктің өне бой­ында Алматы адам танымастай өзгерді, көркейді. Және осы жылы да бұл қалада мерекелік ахуал салтанат құруы тиіс, – деді. Осыдан кейін Мемлекеттік хатшы сөз кезегін Алматы қала­сы әкімінің орынбасары Серік Сейдумановқа берді. – Егемендіктің маңызын ай­шық­тауда тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматының орны ай­рық­ша. Тәуелсіздігіміздің тұсауы осында кесілді. Елдігімізге тия­нақ болған игілікті істердің бәрі осы Алматыдан бастау алды. Ел­басының 27 қаңтардағы №1144 «2011 жылды ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Жарлығына сәйкес, қала әкімінің қаулысы қабылданды. Аталмыш құжат 170 әлеуметтік-маңызды шараларды өткізуді қа­растырады. Оларды жүзеге асы­руға байланысты 27 миллиард 671 миллион 124 мың теңге кө­ле­міндегі қаржы көздері жоспар­ланған», – деді Серік Тұрарұлы. Серік Сейдуманов атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын нақты шаралармен дәйектей келе, биыл да жаңа мектептер мен бала­бақшалардың ашылатынын, емханалар салынатынын атап өтті. Ең бастысы, ел бюджетінің 28 пайызын беретін, Қазақстанның басты шикізаттық доноры болып табылатын Алматыда биыл метро халықтың игілігіне берілмек. Метроға отыратын күнді алма­ты­лықтар да жиырма жылдан астам уақыт күтіп келеді. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, бұл іс-шаралардың құ­рылымы Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығын мерекелеу тұжырым­дама­сына толығымен сәйкес келеді. Жыл басынан бері осы арнадағы жұмыстарға азаматтық қоғам институттары, қоғамдық ұйым­дар кеңінен тартылып, «Нұр Отан» ХДП-мен бірлескен шаралар кеңінен ұйымдастырылған. Түрлі пішіндегі шаралар бары­сын­да қала жұртшылығының мақ­сатты топ өкілдерін кеңінен қатыстыруға және ауқымды шаралар ұйымдастыруға ерекше назар аударылған. Осыдан кейін есеп беру кезегі «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қаринге келді. Билік партиясының белді өкілі де бірінші кезекте барлық шара Елбасы қадап тапсырғандай, мерекелік іс-шаралармен шектеліп қалмай, әлеуметтік сала мәселелерін шешуге және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарта түсуге бағытталатынын атады. Біріншіден, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуге арналған жұмыстарды жүйелі және тиімді ұйымдастыру мақсатында партия арнайы іс-әрекет жоспарын жа­саған. Осы жоспар шеңберінде об­лыс орталықтары, қалалар, аудандар мен ауылдарда халықтың барлық топтарын – жастар, қа­рия­лар, бизнес-қауымдастық, ғылы­ми және шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес сектор жә­не басқа да азаматтарды қамти­тын 7 мыңнан аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Алдын ала жүр­гізілген есеп бойынша 5 мил­лионға жуық азамат қамтылатын болады, деді Ерлан Қарин. Пар­тияның жоспары жалпырес­пуб­ликалық жоспармен үйлесті­ріл­ген. Екіншіден, 10 қаңтар күні елі­міздің барлық аймақтарында бір мезгілде рес­пуб­ликалық «Тәуел­сіздік жетістіктері» атты партия­лық акция бас­талып, жыл аяғына дейін со­зыл­мақ. Әртүрлі пішіндегі іс-ша­раларды қамтитын бұл ак­цияның ерекшелігі – еліміздің барлық ай­мақтарында бір мезгілде өткізі­луі. Үшіншіден, партия баста­ма­лары егемендікке қол жеткізген кейінгі кезеңде еліміздің тари­хын­да болған айтулы үдеріс­терді те­рең ұғынуға бағыттал­ға­нын айта кетуге болады. Отандық және шетел сарапшыларының, тал­дау жә­не зерттеу құрылым­дарының қа­ты­суымен Қазақстан тарихын­да­ғы 20 жылдық кезеңнің нәти­же­лерін талқылауға, одан әрі дамы­ту бағытын айқындауға, рес­пуб­­ли­­каның әлеуметтік, экономи­ка­лық жә­не саяси жетістіктерін, ха­лық­аралық қоғамдастықтың Қа­зақ­­стан­ның саяси бастамаларын қол­дайтынын көрсетуге бағыт­тал­ған түрлі форумдар мен мәжі­ліс­тер өт­кізіліп жатыр және ол жал­ғасады, деді «Нұр Отан» ХДП хатшысы. Мұнан кейінгі айларға жос­пар­ланған осындай халықаралық кон­ференцияларды атап өткен Е.Қарин «Нұр Отан» партиясы Абы­лай хан­ның 300 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығын да ұмыт қалдырмай, атап өтуге атсалы­сатындықтарын мәлімдеді. Қазақстан азаматтық Альян­сы­ның президенті Айгүл Соловьева да өздерінің алдымен ауызбір­ші­лікке қызмет етуге күш салып отыр­ғандығын, Альянстың ынты­мақ­қа қосқан үлесін сөз етті. Ол, әсіресе, ай­мақ­тарды дамытуға бағыт­талған ак­ция­ларды сапалы өткізуге күш са­ла­тын­дықтарын жә­не оған ауыл­дық жерлер мен үкі­меттік емес ұйым­дар тар­тылатынын атап көрсетті. Мәдениет министрлігінің жауап­­ты хатшысы Жанна Құрманғалиева мерекелік жоспарда көзделген бар­лық тірліктер жыл басынан бері ретімен, өз деңгейінде атқарылып жат­қанын айта келе, өзімізге белгілі болып отырғандай, қаңтар айы Азиада аясында өткенін еске сал­ды. Бұл кезеңнің барлық бастамасы спортқа, осы саладағы жетістіктерімізге арналды. Айдың басты оқиға­сы 7-ші Қысқы Азия ойындары – алау шеруі және ойындардың сал­танатты ашылуы болды, деді Мәде­ниет министрлігінің өкілі. Азиада – айтса айта жүрер­лік­тей өткізілгені баршамызға аян. Осыдан кейін де еліміздің мәдени өмірінде Тәуел­сіздіктің 20 жыл­ды­ғына арналып атқарылып жат­қан шаралар легін қысқаша тіз­бек­­теп өткен Ж.Құр­манғалиева біт­кен істермен қатар, кейінгі күндердің еншісіндегі тірліктерді атады. Денсаулық сақтау министрінің есебі қысқа болса да тұщымды шықты. Әр сөзін нақты іспен екшеуге ұмтылған министр Салидат Қайырбекова мерейлі жылдың өне бойында – оған дейін де, одан кейін де елдің денсаулығын жақ­сартуға бағытталған бағдарлама­лар жалғаса беретіндігін көлде­нең тартты. Қанат Саудабаев осы жиын ба­рысында Тәуелсіздігіміздің тұ­ғырлы болуына қызмет еткен бар­лық сала мамандарының еңбегі атаусыз қалмауы тиіс екендігін тілге тиек етті. Білім және ғы­лым министрі Бақытжан Жұма­ғұлов, ең бастысы – Елбасы айт­қандай ат­қа­рылатын іс-шара­лар­ды сыбай-сал­таң салта­наттарға айналдыр­маудың жайына оралып, жастар үшін осы баста­маларды терең тү­сіндіретін ұлағат­ты тірліктерді ұластырудың жайын қозғады. Тәуел­сіздігіміздің 20 жыл­дығына орай, Алматы немесе Астана қалаларында ауқымды түрде жастар форумын өткіземіз, деп мәлімдеген министрдің ай­туын­ша, барлық атқарылатын мерекелік іс-шаралардың 25 пайызы Білім және ғылым министрлігіне жүктелген. Яғни, бұл министрлік 18 ірі жобаға жауапты. Білім және ғылым сала­сының ұйымдастыруы­мен тек ал­ғашқы тоқсанда 114 шара атқарыл­ған. Қаңтар мен наурыз аралы­ғын­да еліміздің саяси және эконо­ми­калық өміріне қатысты 28 ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдас­тырылған. Білім саласының басшысы мерекені атап өтуге алдымен жастардың көптеп тартылуына үлкен назар аударылу қажет екендігін қайтала­ды. Келешек жастардікі, егемен­діктің ертеңі – кейінгілерге аманат дейтін болсақ, министрдің де сөзі­нің жаны бар. Мемлекеттік хатшы Білім және ғылым министрінің есебін қуаттай отырып, ақиқатында мерекелік ау­қымды шараларға ұлттық-мәдени бірлестіктер мен жас­тарды белсенді тартудың қажет­тігін айтты. – Барлығы болып-толып тұр деудің қажеті жоқ. Сондықтан Тәуелсіздікті атап өту жөніндегі барша жұмыс топтары өздерінің үйлестіру жұмыстарын күшейте түсуі тиіс, – деді осы орайда Қанат Саудабаев. – Бұл сөз Алматы қаласына да тиесілі. Өйткені, бұл қала әу баста жастар қаласы, мәдениет ошағы да болып келген. Оның үстіне Ала­таудың бөктерінде барлық дерлік ұлттық-мәдени бірлестіктер шо­ғырланған. Осының бәрін бүге-шігесіне дейін баяндап, аталған­дардың әлеуеті мен белсенділігін пайдаланудың қажеттігін атаған Мемлекеттік хатшы: – Үкіметтік емес ұйымдар да мем­лекеттің басты серіктесі. Олар ар­қылы да біз халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамти аламыз, – деді. Мемлекеттік комиссияның бө­лек те маңызды міндетінің бірі – жалпыұлттық жоспар аясында өт­кен шараларды ақпараттық тұр­ғы­­да насихаттау екендігі мәлімделді. – Меніңше, Тәуелсіздік мерекесін жоғары деңгейде атап өтуге барлық мүмкіндігіміз бар. Бұл мәселеде Алматы басқа өңірлерге үлгі болуы тиіс, – деп сөзін қоры­тын­дылады Қ.Саудабаев. Қысқасы, Мемлекеттік комис­сиясының көшпелі отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, мүдделі ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді және олардың орындалу мерзімі белгіленді. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы. _______________________ Суретті түсірген Айтжан САЛЫҚҰЛЫ.