23 Сәуір, 2011

Дерек пен дәйек

304 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
3  970  284  000 СЫР КЕДЕНШІЛЕРІ ҮШ АЙДА ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНА ОСЫНША ТЕҢГЕ ҚОСТЫ Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті 2011 жылдың 3 айын қоры­тын­ды­лады. Сыр бойындағы кеденшілер үш айда ел қазынасына 3 мил­лиард 970 миллион 284 мың теңге қаржы қосты. Рәсімделген тауарлар үшін алы­натын төлемдермен қатар, соң­ғы жылдары кеден қызметінің ба­сым бағыты – пост кедендік ба­қылау бойынша облыстың сырт­қы экономикалық қызметпен айна­лы­сатын тұлғаларға қайта бақылау жасауы да тиімділігін көрсетіп отыр. І тоқсанда жүргізілген тексерулер нәтижесінде 1 миллиард 218 миллион 489 мың теңге бюд­жетке өндірілген. Осы үш ай ішінде департамент 3 қылмыстық, 281 әкімшілік іс қозғаған. Соның арқасында мем­лекетке келтірілген 332 миллион 563 мың теңге көлеміндегі залал қалпына келтірілген. Соны­мен қатар, 15 миллион 914 мың теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке құйылған. Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда.

* * *

3  706  000  000 Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында 2010-2013 жылдарға арналған облыстық бюджетке толықтырулар мен өзгерістер енгізілді Осыған байланысты артылған қаржы көлемі 3 миллиард 706 миллион теңгені құрады. Осы қар­жының басым бөлігі, яғни 741,4 млн. теңгесі облыстың білім саласына бөлінді. Ырғыз ауда­ны­на газ бен су құбырын тартудың жо­балық-сметалық құжаттарын дай­ындауға 89 млн. теңге, Қобда ауда­нының елді мекендерін қал­пы­на келтіруге 12,3 млн. теңге қаралды. Облыс бойынша салынатын 13 медициналық пункт пен қайта жарақтандырылатын 9 нысанның құрылысына тиісінше 185 млн. және 540,6 млн. теңге ба­ғыт­тал­ды. Артылған қаржының қалған бөлігі жергілікті жолдарды жөн­деуге, мәдениет, дене шынық­тыру мен спорт саласына, облыс­тық әкімдік аппаратына, ішкі істер департаментіне, қала құры­лысы мен табиғатты қорғау шараларына бөлінді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.

* * *

2 600 000 000 Биылғы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттің кірісі осыншама теңгеге артқан Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәр­тібінде өңірдегі 2011-2013 жыл­дарға арналған облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселе қаралды. Со­ны­мен қатар, денсаулық сақтау мекемелерінде атқарылған шаралар жайы да әңгімеге арқау болды. Бекітілген кіріс көлемін 2 млрд. теңгеге арттыруға орай бюд­жет шығыстарына да өзгерту енгізілді. Мәселен, 16 қанатқақты ауылдық округтерді интернет-ресурстармен қамтамасыз етуге, жөн­деу жұмыстарына және қор­ға­ныс, білім беру, денсаулық сақ­тау, әлеу­меттік қамсыздандыру, мәдениет, тағы басқа салаларға бағытталған қаражат мөлшері айқындалды. Сөйтіп, биылғы жылдың 1 нау­рызындағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттің кіріс мөл­ше­рі 2,6 млрд. теңгеге артқаны анықталды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.