Үкімет • 04 Сәуір, 2017

«Егемен» көтерген мәселе Елбасы назарында

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

«Егемен» көтерген мәселе Елбасы назарында

Отырыста негізгі мәселе бойынша баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бағдарламаның арқасында елімізде мемлекеттік тілді меңгергендер қатары артып келе жатқанын айтты.

Министрдің айтуынша, 2016 жылы Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 82 пайызды құраған. Мәселен, 2014 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 72,1 пайыз болса, 2015 жылы 76,3 пайызға жеткен. 

Сондай-ақ бағдарлама аясында терминология, аударма жайындағы мәселелерге де барынша мән беріліп, бұл бағытта да бірқатар жұмыстар атқаралып жатқанын алға тартқан министр, ономастикаға да айрықша көңіл бөлінетінін айтты. Бұл ретте А.Мұхамедиұлы «Егемен Қазақстан» газетінде көше атаулары жайында жарық көрген сыни мақалаларға қатысты Елбасынан тапсырма алғанын жеткізді. (Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ. «Алматыда 34 Әуезов, 24 Абай көшесі бар» 19.01.2017. «Егемен Қазақстан». Ғалым ОМАРХАН. «Атауға абай болған абзал» 04.02.2017). Мақалада көтерілген мәселенің мән-жайы қаралып, тиісті шешімдер шығарылып жатқанын атап өтті.