Қазақстан • 05 Сәуір, 2017

«Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа айтар наз

235 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

«Мен барда, сіз барда, тарихи Отаным – Қазақстаным барда, жақындарым барда, жалпы жүрегі қазақ деп соғатын Таулы Алтайды мекендеген Шүй қазағы тұрғанда Ана тілім, сен ешқашан өлмейсің», дейді Қосағаштан хабарласқан қандас бауырымыз, Ресей Федерациясы Журналистер одағының мүшесі ақын-жазушы Арқалық СОЛТАНОВ.

«Шүй қазағының» тілі  немесе атажұртқа айтар наз

– Арқалық Рысбекұлы, Қос­ағаш­ты мекендейтін қандас ба­у­ырларымыз туралы сырттай көп еститінбіз. Мұндағы аға­й­ын­дар өзара қазақ тілінде ғана сөй­леседі екен. Рас па?

– Әр халықтың ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзі­нің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ халық ұлт болып өмір сүре ал­майды. Сондықтан, кез келген ха­лық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қор­ғайды.

Сол қорғаушылардың қатарына біз­дің Шүй қазағының ерлігі ба­ғалы. Ата-бабамыз басынан қан­ша қа­сіретті өткізсе де, діні мен тілін жат­қа баламады. Біздерге алтын­ның сынығындай жеткізіп, аманат қылып табыстады. Шүй қазағы – әлем бойынша тарыдай шашылып жатқан қазақтардың арасында та­за ана тілінде сөйлеу жағынан бә­рі­нен жоғары тұрған бірден-бір

жұ­рт. Қанша қилы заманды басынан өт­кер­г­ен біздер ана тілімізді сақтап қа­луға бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз.

– Шүй деп отырғаныңыз жер­дің атауы ма?

– Осы Шүйді ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бері мекен­де­ге­лі тіліміздің тағдырын ойлаған Шә­кіртқажы бабамыз бастаған, бер­тін келе тілімізге сара жол а­шып берген Союз Шәкерұлы, Мұ­рат Өтепұлы сынды ағаларымыз қош­таған небір тұлғалардың есі­мі еліміздің есінде мәңгілік қал­ды. Ал осы күнде қазақ тілінің тір­ші­лігі үшін Әуелхан Жазитұлы бас­та­ған біраз азаматтар мен қазақ ті­лі пәнінің ұстаздары күресіп жүр. Қа­зіргі дамыған заманның талабы­на кө­ніп, мұғалімдеріміз мектеп оқу­шы­ларына оқулық жазуға мәжбүр бо­лып отыр. Ресейдің Таулы Алтай өңі­ріндегі Шүй қазағы қандай тағ­дыр­дың тәлкегіне түссе де, тілінен ешқашан айырылмаған, мұнан кей­ін де айырылмақ емес.

– Оқулықты мұндағы бел­сен­ді азаматтардың өздері жазады дедіңіз бе?

– Қосағаш ауданында 10 мың ғана қазақ тұ­ра­ды, ал республика бойынша 12 мың­нан асады. Төлеңгіттермен өза­ра береке-бірлікте, бауырласып өмір сүріп жатырмыз. Ал оқулық жай­ы-

на келсек, мектептерімізде қа­зақ тілі сабағы пән ретінде өті­леді. Арнайы қазақ мектебі жоқ бол­ған­мен, соның өзінде тіліміздің тағ­дырына бей-жай қарай алмаймыз. Осы орайда атажұртымыз Қазақ­станға, Елбасына шексіз риза­шы­лы­ғымызды жеткізгіміз келеді. Біз­ге, шалғайдағы, шет елдегі қан­дастарына деген көзқарасы ерек­ше екеніне көзіміз жетті. Оқу­шыларымызға оқулықтарын те­гін жі­берді алдық. Бірақ сол оқу­лық­тар шаңға батып, қойма түбінде қор болды. Күніне бір емес, бірер рет ашып көріп, «Қашан беттерін ба­лаларымыз астарлар екен» деп ар­мандап отырған жайымыз бар. Оның себебі, жергілікті биліктің за­ңы бойынша бұл оқулықтар сарап­та­мадан өтпейінше, қолданысқа тый­ым салынды. Соның салдары­нан шынын айтқанда, тіл өте түйт­кіл­ді мәселе болып отыр. 

Сондықтан, атажұртымыз Қа­зақ­­­станның оқулықтарын ба­л­а­­­­ла­рымыз оқуға Ресей заңы бой­­­ын­­ша рұқсат етілмесе де, өзі­міз оқу­лық жазып кәдемізге жа­­рату­дан басқа амал таппай отыр­­мыз. Ал Шүйдегі қалған қа­­зақтар осы адамдарға қолдау көр­сетіп, ті­лі­міз­дің жанашыры бола біл­геннен бас­қа шара қалмай барады.

Оқулықтарды құрап жазып алсақ та, оның жарыққа шығуы қалай болады деген күдік тағы бар.

– Ол үшін не істеу керек?

– Оқулық құраудың жұмысы қан­шалықты маңызды екені баршаға мәлім, Ресейден қазақ тілін білетін ғалымдарды тауып, сараптамадан өткізу ісі қиындық ту­ғызуда және мемлекеттің қол­дау­ынсыз мұны жүзеге асыру мүм­кін емес. Осы орайда ата­жұ­р-

­тымыз Қазақстанның Білім жә­не ғылым министрлігі Ресейдің Бі­лім министрлігіне осы тіліміздің мә­селесі жайлы үн қатса, біздің ар­манымыз орындалар ма еді деп, кеу­демізде жылғаның көзіндей жыл­тыр үміт алға жетелейді... Мүм­кін, сол дайын Қазақстанның оқу­лықтарын оқушыларымыздың емін-еркін пайдалануына жол ашып берер.

Бұл тек Ресейдің Алтай Ре­с­пуб­­ликасында тұратын 12 мың қа­зақ­тың мәселесі емес, бүкіл Ре­сей Фе­де­рациясында тіршілік етіп жат­қан миллионға жуық қазақ қан­дас­та­рымыздың мәселесі...

– Бұл туралы тағы қандай мекеме, ұйымдарға өтініштеріңізді жеткіздіңіздер?

– Мектептегі оқулық туралы Ре­сейде тұратын қазақ мәдени орта­лық­т­арына, ұйымдарына, диас­по­ра­ларына шықтық. Онымыздан нә­ти­же болмады. Қазақстанға іргелес бол­са да, олардың да жағдайлары біз­бен деңгейлес болып шықты.

Осы қазақ тілі оқулығы тура­лы Қазақстанның Ресейдегі ел­ші­лігіне де хабар беріп, үндеу жаз­дық. Дүниежүзі қазақтары қау­ым­дастығының арқасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзіне жеткізуге талпындық. Алтай Республикасына Қазақстаннан ар­найы өкіл ат басын тірегенде, Алтай қазақтарының атынан өті­ні­шімізді жеткізген едік. Бұл өті­ні­шіміз де өкінішке қарай жауапсыз қалды.

Қосағаш ауданында 10 мың ға­­на қазақ тұ­ра­ды, ал республи­ка бойын­­ша 12 мың­нан асады. Төлеңгіттермен өз­а­­ра береке-бірлікте, бауырласып өмір сү­­­ріп жатырмыз. Ал оқулық жай­ына келсек, мек­теп­­терімізде қа­зақ тілі сабағы пән ретінде өті­­леді.

Ресей мемлекеті, Алтай Рес­пуб­ли­к­а­сының білім мини­стр­лігі біз­ге ту­ған тілдеріңді оқы­май­сыңдар деп қысым жасап отырған жоқ. Ресей­дің за­ң­ында, «Егер мек­тептерде оқы­ты­ла­тын пән­­дер­дің оқулықтары жоқ бол­с­а, сол пән жабылуға ұшырайды», деп жа­зыл­ған. Осы заң ғой бізге ке­дер­гі кел­тіріп отыр­ған. Сол үшін телефон ар­қылы сіз­дермен осы ойымды бір­ге бөлісуді жөн санадым.

– Ресейде қазақ тілінде оқу­лық­тар шығарыла ма?

– Осы ойымның соңғы түйіні: мек­тептерімізде қазақ тілінен оқу­лықтар болмаса, Ресейдің заңы бой­ынша қазақ тілі сабақтарын күз­де, жаңа оқу жылында факульта­тив етіп тастауы мүмкін. Егер де солай бо­латын болса, «Шүйдің қазағы» де­г­ен атымыз өшпей ме? Тілімізді қор­ғай алмасақ, ата-бабамыздың аруағы разы болмас. Бұл мәселені тілдің қадірін түсіне білген адам ғана терең ұғына алады.

Сол себептен, әлемдегі алты мың­ға жуық тілдердің ішіндегі қол­дану жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, ора­лымдығы жағынан алғашқы он­дықтар қатарында тұрған ана ті­лі­мізді сақтап қалуға Шүй қазағы жа­нын салуда. Осы пікірімді тари­хи Отанымнан басқа кімге жолдаймын?! Мүмкін тіл тағдыры үшін көп­теп күресіп жүрген қандас аға­ла­рымыздың қолұшы тиер деп, ті­лімнің тіршілігін көзіме жас алып отыра осылай жеткізуге мәж­бүр­мін.

– Өзіңіз немен айналысып жүр­сіз?

– Алтай Республикасында жал­ғыз қазақ тілінде тарайтын «Шүйдің нұры» газетінің ре­дак­т­о­­рымын, http://altai-kazahy.ru сайтының әкімшісімін.

P.S. Мұрынын шүйіріп ана тілін менсінбей жүрген кейбір отан­дас­та­рымызға ой түйгізерлік ресейлік қандас бауырымыздың жанайқайы шетелдік қандастарымыздың көкейіндегі бәріне бірдей ортақ күй, ортақ наз деп қабылдадық... Қай елдерде қазақ тілі пән ретінде өтіледі?

Оларда қазақ тіліндегі оқулықтардың мәселесі қалай шешілген? Жалпы, шетелдік қандастардың рухани мұң-мұқтажына біздің елімізде қаншалықты көңіл бөлініп отыр?

Екіншіден, оларға Қазақстан тарапынан қандай қолдау, көмектер көрсетілуде? Таулы Алтайды мекендеген мына азаматтың әңгімесіне құлақ түрсек, бұл тұрғыда әлі де бізде шешімін тауып үлгермеген мәселелер баршылық сияқты. Бұл іс екі елдің білім министрліктері арасындағы бірлескен мәмілеге келіп тірелері сөзсіз. Сөзіміздің түйіні: Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі қосағаштық қандас қаламгердің өтінішіне құлақ асып, Алтайдың арғы бетіндегі ағайындардың үмітін аяқсыз қалдырмауға, отандық оқулықтардың кедергісіз оқытылуына, болмаса қазақ тілі пәні бойынша арнайы оқулықтармен толық жабдықталуына ықпал ете алса екен деген тілек бар.

Әңгімелескен
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»