Әлем • 05 Сәуір, 2017

Димаштың финалда кіммен ән шырқайтыны белгілі болды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қытайдың «Im a Singer» әншілер байқауының ақтық сынында Димаш Құдайберген Шаң Венжемен (尚雯婕) бірге ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаштың финалда кіммен ән шырқайтыны белгілі болды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш байқаудың жартылай финалында италиялық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін және «5-элементтегі» арияны қоса шырқап, ақтық бәсекеге жетті. Қытайлық Sina weibo әлеуметтік желісіндегі ақпарат бойынша финалға жолдама алған 8 әнші қытай эстрадасының жұлдыздарымен жұп болып өнер көрсетеді. 

«Singer» байқауының жартылай финалы Хунан телеарнасынан 8 сәуір күні көрсетіледі. Байқаудың финалын 15 сәуір күні отандық Хабар арнасынан және Хунан телеарнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

Айта кетейік, Шаң Венже 1982 жылы Шаңхай қаласында туған. Шанхай Фудань университетін бітіргеннен кейін әншілік жолын бастаған. Француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 2006 жылы Хунан телеарнасының «Super Girl» ән байқауында бас жүлдені жеңіп алған, сондай-ақ, 2013 жылы «I am singer» байқауының алғашқы маусымында өнер көрсеткен. 2012 жылы Париж қаласында француз әндері музыкалық кешін өткізген. Димаш Құдайберген келісімшартқа отырған BGTalent (黑金经纪) продюсерлік компаниясының негізін қалаушы.


Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18