Бизнес • 06 Сәуір, 2017

Мақсат – су маржандарын сақтап қалу

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Бекіре-2017» балық қорғау акциясы басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін науқанға биыл 97 мемлекеттік инспектор, 10 КС патрульдік өзен катері, 12 шағын кеме, 24 көлік құралы тартылып отыр.

Мақсат – су маржандарын сақтап қалу

Ұлттық гвардияның 36 әскери қыз­мет­шісі мен ішкі істер органдарының 232 қызметкері, 58 автокөлік, сегіз жүзу құ­ралы да бағалы балық қорын сақтау ша­раларына қатысады. «Брако­ньерлік фак­тілер көп тіркелетін жерлерде 20 бекет ұйымдастырылған. Жайық, Қиғаш өзен­дері мен Каспий теңізінің жағалауы да бақылауда бола­ды», дейді орман ша­руа­шы­лығы жә­не жануарлар дүниесі комитеті тө­­рағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабеков.

Кең ауқымды балық қорғау нау­қа­ны 31 мамырға дейін жалғасады. Осы уа­қыт ара­лы­ғында Атырау, Ақтау, Орал қа­ла­ла­рында ба­лық өні­мін заңсыз сату орындары туралы мо­ни­то­ринг жүргізіледі. Биыл атыраулық ба­­лықшыларға бөлінген квота кө­лемі 14 мың тонна. Бұл көрсеткіш өт­кен жылғы мөл­шерден бес мың тон­наға аз. Облыстық ау­мақтық орман шаруашылығы және жануар­лар дүниесі инспекциясының бас­шы­­сы Мұрат Ермекқалиевтің айтуын-

ша, былтыр балықшылар бөлінген лимиттің 67,5 пайызын ғана (12,9 мың тонна) орын­да­ған. Есесіне, 15 мың тонна балық өнім­де­рі заңсыз ауланып, облыс аумағынан шы­­ғарылыпты.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ



Соңғы жаңалықтар