Қазақстан • 08 Сәуір, 2017

Димаш Құдайберген «Singer» байқауында жалпы есепте қытайлық əншіден кейін тұр (видео)

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген бақ сынап жатқан «Singer 2017» ән байқауының жартылай финалының бірінші кезеңі бүгін эфирден көрсетілді.

Димаш Құдайберген «Singer» байқауында жалпы есепте қытайлық əншіден кейін тұр (видео)

Бұған дейін хабарлағанымыздай, байқаудың екі кезеңнен тұратын финалына 10 әнші жолдама алған болатын. Жобаның талабы бойынша оныншы болып сахнаға шығатын әнші өзінен кейінгі тоғызыншы әншіні белгілейді. Оныншы болып өнер көрсететін Линь Чжисюань Димашты тоғызыншы болып шығуға белгіледі, ал Димаш сегізінші әншіге Lion тобын таңдады.

Димаш жартылай финалда итальяндық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әніне «5-элемент» киносының «The diva dance»-ті қоса шырқады. 

Естеріңізге сала кетсек, байқаудың ақтық бәсекесін 15 сәуір күні «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. 


Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024