Қазақстан • 11 Сәуір, 2017

​Қазақстан-Ирландия қатынастарына – 25 жыл

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы мен Ирлан­дия арасында дипломатиялық қатынастар орнаға­нына 25 жыл толды.

​Қазақстан-Ирландия қатынастарына – 25 жыл

Ширек ғасыр ішінде мемлекеттеріміз арасындағы қатынастар жақсы деңгейге көтерілді: екіжақты байланыстар дамуда, елдеріміздің сыртқы саясат және бейінді ведомстволары арасындағы ынтымақтастық нығаюда, шарттық-құқықтық база кеңеюде, Астана халықаралық қаржы орталығын құру шеңберінде халықаралық қаржы саласындағы өзара іс-қимыл ілгерілеуде. 

Қазақстан Ирландияның халықаралық инвес­тицияларды тарту  және  жоғары техноло­гиялар, коммуникация мен ауыл шаруашылығы салаларындағы трансұлттық компаниялардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша зор тәжірибесіне қызығушылық танытады. Көпжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдау көрсету де Қазақстан-Ирландия қатынастарының аса маңызды бөлігі болып табылады.

Жалпы, екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетін назарға ала отырып, Қазақстан Ирлан­диямен жан-жақты қатынастарды күшейтуге және кеңейтуге бағытталған сыртқы саяси бағдар ұстанатын болады, деп атап көрсетілген коммюникеде.


«Егемен-ақпарат»


Соңғы жаңалықтар

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Әдебиет бапкері

Әдебиет • Бүгін, 08:33

Еңбек даңқы аласармайды

Еңбек • Бүгін, 08:22