Аймақтар • 11 Сәуір, 2017

Жұмыс іздесең, жәрмеңкеге кел

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастардың жұмысқа орна­ласуы үлкен мәселе. Тәжі­рибе­нің болмауы, еңбек өтілінің жоқ­тығы да жұмысқа орналасуға кедергі. Десе де, жас­тардың жұ­мысқа орна­ласуына мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасалып отыр.

Жұмыс іздесең, жәрмеңкеге кел

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарлама­сын жүзеге асыру мақсатын­да Тараз мемлекеттік педа­го­гикалық институты­ның тү­лектері үшін бос жұмыс орын­да­рына арналған жәрмеңке өт­ті. Аталған шараға 900-ге ж­у­­ық студент пен 80-нен ас­там жұ­мыс беруші қатысты.

Жыл сайын ұйымдасты­ры­­­ла­тын дәстүрлі жәрмеңке жас­­тарға бүгінде қай сала ма­­ман­дары­на сұраныс көп не­месе тап­­шы екендігін және ең­бек өті­лін­­сіз-ақ жұмысқа ор­наласу­ға бо­ла­­тындығын анық­тауға кө­­мек­­­­теседі. Со­ны­мен қатар, «Дип­­лом­мен – ауылға!» жо­ба­сын жүзеге асыруға да мол мүм­­­кін­дік береді. Өз сө­зін­де инс­­­ти­тут ректоры Да­рия Қожам­­жарова аталған ша­­­ра­ның мәні мен маңызына ке­ңі­нен тоқта­лып, жұмысқа ор­на­ла­суға ниет­­ті жастар­ға мемлекеттік бағ­­дар­­лама­ның тиімділігін түсін­дірді.

– Елбасы Қазақстан хал­­қына арнаған Жолдауында бар­­лық қазақстандықтарды мем­ле­кет игілігі жолындағы ең­бекке ша­қыр­ды. Еңбек ше­ш­у­­ші ұлттық фак­тор екенін ұғын­­дырып, Жал­пы­ға Ортақ Ең­бек Қоғамы идея­сын ұсын­ды. Әл­бетте, Мем­ле­кет бас­шы­с­ының стр­а­тегия­лық тап­сыр­­маларын орын­дау­да ел жа­­с­­тарының рөлі зор. Сон­дай-ақ, бұл іс-шара жастар ара­сын­да­­­­­ғы жұ­­мыссыздық мәсе­лесін ше­­­ше­­­тін маңызды меха­низм бо­­­лып та­былады, – деді Дария Пер­нешқызы.

Жәрмеңкеге мектепке дей­ін­гі және орта білім беру ұй­ым­д­ары қатысып, өз ме­к­е­мелеріндегі бос жұмыс орын­да­рын ұсын­ды. Сту­денттер бұл мүмкіндікті пай­­­да­ланып, тиіс­ті мекемелерге түйін­де­ме­лерін жолдады. Бұл жас­тар арасындағы жұмыс­сыз­дық мә­­селесін жоюға септесетін бо­лады.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы