Қазақстан • 17 Сәуір, 2017

«Мадьяр Немзет» басылымы: Қазақстан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшеді

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан алдағы он жылдың ішінде латын әліпбиіне көшеді. Жуырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы туралы мақаласы жарық көрді.

«Мадьяр Немзет» басылымы: Қазақстан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшеді

Сарапшылар бұл жаңалықты елдің бағыт-бағдарының өркениетті түрде өзгеруі деп бағалауда. Дегенмен, бұл саяси тұрғыда Астана Ресейге арқасын береді дегенді білдірмейді.  

Мақалада Мемлекет бас­шысы Үкіметке латын әліпбиін қолдану бойынша әзірлік жұмыстарын бастауды тапсырды. «Егемен Қазақ­стан» газетінде Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа қазақ әліпбиі мен жазу нормалары жа­салатынын, ал 2025 жыл­ға қарай ел толықтай латын әліпбиіне көшетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы кириллица 1940 жылы саяси көзқарастар бойынша енгізілгенін, оған дейін қазақтар араб әліпбиін пай­даланғанын еске салды. Пре­зиденттің пайымдауынша, жаңа әліпбиге өту қиындық туғызбауға тиіс, себебі, қазір­гі жас буын ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап оқиды, оларға латын әліпбиін қабылдау қиынға соқпайды.

Ұсынылып отырған жа­ңа­шылдық техникалық ма­мандықтарды ағылшын ті­лінде оқуды жеңілдетіп, тех­нологиялық жаңару бағдар­ламасын жүзеге асыруға ық­пал етеді, көптеген пәндерді бастауыш сыныптан бастап, Шекспирдің тілінде өтуге мүм­кіндік береді. Бүгінгі таң­да Түркиядағы, сондай-ақ Ба­тыс Еуропадағы диаспоралар латын әліпбиінің қазақша нұсқасын қолданатынын айта кету керек. Латын әліпбиін енгізу мәселесі Қазақстанда 2007 жылдан бері талқыланып келеді, алайда күні бүгінге дейін оған қатысты шешім шықпаған еді.

Латынды пайдалану ар­қылы Астана Батыс елде­ріне бет бұрады, Түркияға бұрынғыдан да жақындаса түседі. Оған  таңғалудың жө­ні жоқ, себебі, тілі мен мә­дениеті жағынан Қазақстан славян әлемінен гөрі түркі әлеміне жақын. Бұл орайда, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі аралықта Әзербай­жан, Түрікменстан және Өз­бекстан сияқты, Қазақ­стан да өзінің гео­саяси басым­дықтарына қа­рай жаңа өрке­ниет көпір­лерін салуда.

Тіл мен мәдениет саласына қатысты мұндай өзгерістердің өзіндік баға­сы болатыны бел­гілі. Са­рапшылардың пайым­дауын­ша, бұл саладағы мәселелерді шешуде тұрақ­ты­лыққа талпыныс бас­ты тетік болуға тиіс.


Соңғы жаңалықтар