Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

Студенттер жұмыс іздеп сабылмайды

492 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қорқыт ата атындағы Қы­зыл­орда мемлекеттік уни­вер­си­­теті Қызылорда қаласы әкім­дігімен, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, жақсы бір бастаманы қолға алды. Оқу орнының 80 жылдығына орай жақында университетті тәмамдайтын біт­і­ру­ші студенттерге арналған «Түлек-2017» бос жұмыс орындары жәр­мең­кесі өтті.

Студенттер жұмыс іздеп сабылмайды

Жәрмеңкеге келген жас­тар­дың саны 800-ден асады. Би­ыл дипломын қолға алатын олар­ды «бірден жұмысқа кім ала қой­сын?» деген де сұрақ қылаң беруі мүмкін. Бірақ жәрмеңкеге келген жұмыс беруші тарапты көр­­генде көңілдегі күдік сейіле түс­­ті. Онда 107 жұмыс беруші та­­раптың өкілі келіпті. Оның ішін­­­де білім беру ұйымдарының, өн­­­діріс орындарының, құрылыс ком­­­панияларының, телекомму­н­и­­кация орталықтарының, мем­ле­кет­тік органдардың басшылары мен өкілдері бар. Мың түрлі ма­ман­­дыққа сан түрлі жұмыс ұсы­ну­­шылар бар екен.

Көңіл қуантқаны, бұл шараны жәрмеңке өтті, бітті деген же­леудің қат­арына қосу қисынсыз. Өйткені, жәрмеңке барысында Қорқыт ата аты­ндағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов 12 түлекке жұмысқа ор­наласуға жолдама табыстады. Екі-үш айдың көлемінде оқу бі­ті­реді, ал жұмысы болса дайын. Осынд­ай жағымды әсер сыйлайтын жағдайлардың қоғамдағы қас­аң қағидаларды бұзуға ықпал жа­сайтыны жақсы.

Сол жерде жұмысқа орналасуға жолдама алғандардың бірі – уни­вер­ситеттің 4-курс студенті Дан­а Жорабай. Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №171 ор­та мектебіне ағылшын тілі пәні мұ­ға­лімі бойынша жолдама алған ол оқуда да озат екен. Бастысы, тө­рт жыл бойы оқыған еңбегінің зая етпей, жұмысқа орналасуға оң ықпалын тигізгенін көңілге ме­дет тұтады. Дана өндірістік тә­жі­­­ри­беден өтетін кезде аталған мек­­тепке барған. Ағылшын тілі пә­­нінен сабақты жақсы беріп, бас­­­­шының көзіне түскен. Ұйым­дас­­тырушылық қабілеті бар, оқу үл­­герімі жақсы маманнан кім ай­ыры­лсын?! Жақсы кадр қай жерде де бағалы. Университет осындай сту­денттердің практикадан өту к­ез­еңін ескере отырып, 40-тан аса ме­кеме мен ұйымдар арасында әлеу­меттік әріптестік орнатқан.

Мектеп дегеннен шығады, қа­зір­гі кезде елімізде педагогика са­ласында орыс тілді мамандарға сұ­­раныс жоғары. Бұл мәселе Сыр өңі­­рінен де шет қалмаған. Мә­се­лен, жәр­меңкеге келген қала­да­ғы №9 мек­теп-лицейінің өкілі бас­тау­ыш сы­ныптың орыс тілді үш бір­­дей ма­маны керектігін айтты. Со­ған қа­рағанда, орыс тілі мен әде­би­етін бі­тіретін тү­лек­тер жұ­мыс із­деп, көп сабыла қой­май­ды-ау.

Өткен оқу жылында 633 тү­лек осы оқу ордасынан қанат қа­қ­­қан. Бүгінде 85 пайызы жұ­мыс­­­қа орналасыпты. Бұл – үл­кен нә­­тиже, нақты көрсеткіш. Сон­дай-ақ, универ­ситет тү­лектер оқу бі­тіргеннен кейін үш жыл қа­та­ры­нан тұрақты түрде монитори­нг жүргізіп отырады. Онда жас ма­ман­дардың жұмысқа орналасуына, қызметте алға қарай жылжуына ерекше мән беріледі.

Жәрмеңке соңында универ­си­­тет ректоры Қ.Бисенов жұмыс бе­­руші 9 мекеменің өкілі: Қы­зыл­орда облысының әділет де­пар­таментімен, «Атамекен» кә­сіп­­керлер палатасының Қызыл­ор­­да облыстық филиалымен, Ау­ыл шаруашылығы ми­нис­тр­лігі Су ре­сурстары коми­т­е­ті­нің ша­руа­шы­лық жүргізу құ­қы­ғын­да­ғы «Каз­сушар» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кәсіп­ор­н­ымен, Тұ­тын­­у­­шылардың құқық­тарын қор­ғау ко­митетінің «Ұлттық сарап­тама ор­т­алығы» шаруашылық жү­ргізу құ­қындағы республикалық мем­лекеттік кәсіпорынмен, Қызыл­орда облыстық филармония­сы­­мен, №3 мектеп-лицейімен, «Ақ-Ильяс» балабақшасымен, «EcoGuard» ЖШС және Қазалы ауданындағы «Сыр Маржаны» ЖШС мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың университет түлек­терінің жұмысқа орналасуы кезінде кәдеге жарайтыны анық.

Кәсіби білім берумен қатар, жас маманның жарқын бола­ша­­ғын ойлап, жұмыс табуына жәр­демдесу сауапты істің қата­ры­­­нан болса керек. Олай болса, мамандар­ды дай­ын­дап қана қой­май, олардың жұ­мысқа орналасу­ына да септігін т­игізіп отырған уни­верситет ұжы­мы­на алғыстан бас­қа айтарымыз жоқ.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА



Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53