Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қарағанды облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бұқар жырау, Қарқаралы және Абай ауданының жекелеген елді мекендерінде су тасқыны болған. Осыдан кейін бұл аудандардың әкімдері жергілікті көлемде табиғи сипаттағы ТЖ жариялау туралы шешім қабылдаған. 

"Қазіргі кезде жеті елді мекенде тұрғын үйлер мен аула аумақтары су астында қалды: Сарытөбе, Чкалово, Садовое, Андрейниковка, Қызылжар, Красная Поляна, Қарамұрын. Чкалово және Садовое ауылдарында 49 және 42 баспананы су басқан. Чкаловодан 137, Садовое ауылынан 308 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Үш елді мекенде - Қарағайлы және Қайрақты, Тұзды ауылдық округының 1-май бөлімшесінде - су басу қаупі сақталады. Шопа ауылында Шерубай-Нұра өзенінде арнасынан асқан су жолдарды шайып кетті. Облыста автомобиль жолдарының сегіз учаскесін су басты. "Қарағанды-Қарқаралы" жол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін көлік қозғалысы тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Апат-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 1663 адам, 555 техника тартылып, Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет және Осакаров аудандарындағы жағдай бақылауға алынған. 

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53