Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

5 мың саз аспабын жасаған шебер

416 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халық аспаптарын жасаушы шеберлер туралы айтылғанда Атырау өңірінде алдымен Бисенғали Мырзағалиевтің есімі еске түседі. Ол алғашқы домбырасын жасағанда 16 жаста еді. Осы салаға елу жыл ғұмырын арнаған шебер бес мыңнан астам музыкалық аспапты жасап шығарды.

5 мың саз аспабын жасаған шебер

1957 жылы сол кездегі облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нәдір Нұрғалиев пен күйші Сейілхан Құсайынов Дина Нүрпейісова атындағы оркестрге ұлттық музыкалық аспаптар дайындауға тапсырыс береді. Күн-түн демей осы іске кіріскен Бисенғали Мырзағалиев 12 қобыз бен 14 домбыра жасайды. Кейін Сейілхан Құсайынов өмірлік серігі еткен домбыра мен Раушан Нүрпейісованың қобызы да осы шебердің қолынан шыққан. Ол дайындаған саз аспаптары Мәскеудегі көрмеде жоғары бағаланды, ал оркестр «Үздік шығармашылық ұжым» атанды. Облыста ашылған музыкалық училищенің алғашқы студенттері де шебер Мырзағалиев жасаған музыкалық аспаптарда ойнады. 66 жасында өмірден озған Бисенғали Мырзағалиев қайтыс боларынан екі-ақ күн бұрын ұлттық аспап жасаушылардың аймақтық «Үкілі домбыра» байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алған. 

Ағаштан түйін түйген шебердің туғанына биыл – 90 жыл. Осыған орай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Өнегелі мұра қалдырған» атты көрме және еске алу кешін өткізді. Музей қорында Бисенғали Мырзағалиев жасаған домбыралар мен шеберханасындағы құрал-жабдықтар, суреттер сақтаулы. Ардагер-ұстаз, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Мереке Ғұмаров Мырзағалиевтар отбасындағы өнерге деген құрмет әлі күнге жалғасып келе жатқанын айтты. «Дауысы күмбірлеген керемет домбыра жасау екінің бірінің қолынан келмейді. Ол асқан талант пен сезімталдықты қажет ететін дүние. Бисенғали Мырзағалиевтің қолынан шыққан аспаптарға таласып қалатынбыз, себебі ол хас шебер еді, әуенді сезіне білетін», - дейді М.Ғұмаров.


Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан».


АТЫРАУ.


Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53