Қазақстан • 18 Сәуір, 2017

Жаңғыру жаңа міндеттер жүктейді

180 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі, көтерілген тақырыптардың салмақтылығы облыстық әкімдікте өткен актив жиынында айрықша аталып өтілді. Алқалы басқосуды ашып, жүргізіп отырған облыс әкімі Амандық Баталов, ең алдымен, Президент бастамасының маңыздылығына тоқталды.

Жаңғыру жаңа міндеттер жүктейді

­– Мемлекет басшысы биыл үш бірдей жаңа бастама көтеріп, даму жолымызды жан-жақты ай­қын­дап, бағдарлап берді. Бірін­ші­сі – елімізді технологиялық даму­дың жаңа деңгейіне көтеретін ау­қым­ды жаңғыру болса, екіншісі – кон­ституциялық реформа арқылы са­я­­си жаңғыру. Елбасы ендігі ке­зек­­­те рухани жаңғыруға жол ашу ке­­рект­ігін көрсетіп отыр, – де­ген өңір басшысы көпшіліктің кө­ңі­лі­нен шыққан мақала жайында жан-жақт­ы айтып өтті. 

Елбасымыз «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ла­сында осы жетістіктерімізді да­мы­тудың рухани бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өне­гесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние. Бұл ма­қалада өткен тарихи кезеңдерге сын­дарлы баға беріліп, ой елегінен өт­кізіліп, еліміздің рухани даму ба­ғыты айқындалған.

Бұдан соң баяндама жасау үшін мінберге облыс әкімінің орынбасары Жақсылық омар көтеріліп, мақалада көтерілген мәселелер бо­йынша бірінші кезекте атқарылуы тиіс жұмыстар жайлы жан-жақты айтып өтті.

– Елбасы ұсынған жаңғыртулар қазақстандықтарды санғасырлық тарих пен мәдениеттегі, ұлттық сана-сезім мен білім саласындағы рухани реформаға бастайды. Өзі­міздегі ескі қағидаттардан арылып, бүгінгі күннің арнасымен алға қарай ұмтылуымыз қажет. Осы орайда, бабалардан мирас болып қал­ған рухани құндылықтарды көз­дің қарашығындай сақтай жү­ріп, ұлттық рухты да жаңғырту ке­рект­ігі күмән келтірмейді, – деген Жақ­сылық Мұқашұлы Елбасы ма­қа­­ласында айтылған мәселелерге тоқталды.    

Баяндамашының айтуынша, осы мақсат-міндеттер межесінде көптеген істер мен жұмыстар ат­қару керек. Өйткені, қазіргідей жаһандық бәсекелестік бізден тынымсыз еңбекті, табысты бастамаларды талап етеді. Бұл жолда білімнің тұнығымен сусындап, соңғы үлгідегі технологиялардың тілін меңгерген жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша тәрбиелеу қазақстандық брендті алға шығарады. Оның үстіне қиналғанға қол ұшын созған жанашырлық, жетімнің маң­дайынан сипаған мейірімділік, аш адамға қолындағысын бөліп берген қайырымдылық сынды қазақы қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру бейбітшілікке, тыныш­тық­қа құштар ұлтымыздың бет-бейнесінің сақталуына септігін тигізеді.

Әлемге таралған қазақ халқының бір-бірімен емін-еркін тілдесуіне, дүние жүзінің ғылымына, біліміне ешбір кедергісіз жол ашылатынын айтқан Жақсылық Омар Елбасы мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы мен «Туған жер» бағдарламасын енгізу арқылы қа­зақстандық патриотизмнің жар­қын үлгісін көрсетуді міндет­те­ге­нін жеткізді. Сол арқылы Жетісу жерінен түлеп ұшқан әрбір азамат облыстың өркендеуіне лайықты үлес қосуы керек.

Бұдан соң күн тәртібіндегі та­қырыпты талқылау үшін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мем­лекеттік университетінің «Мәң­гілік Ел» ғылыми білім беру ор­талығының бас ғылыми қыз­меткері, философия ғылым­да­ры­ның докторы Аманжол Қасабек, «Алматы облыстық славян қоз­ға­лысы» қоғамдық бірлестігінің тө­рағасы Наталья Белик, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Әміре Әрін, облыстық «Огни Алатау» газе­тінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Президенті сый­лы­ғының лауреаты Атсалим Идигов, облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің журналист-модераторы Галина Митковских кезекпен мінберге көтеріліп, Елбасы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көте­ріл­ген мәселелердің өзектілігі, ма­ңыздылығы жайлы жан-жақты айтып өтті.

– Жетісу өңірінде бірлік пен татулықты, рухани келісімді, эко­номикалық даму үрдістерін сақ­тау үшін нақты жұмыстар ат­қа­рылуы тиіс. Облыстық ақса­қал­дар, ардагер аналар ұйымы жүргізіп отыр­ған жұмыстарды одан әрі жал­ғастыру қажет.  Жас ұрпаққа тәр­бие беру, олардың бойы­на ұлт­тық құндылықтарды сіңіру  мақсатында кешенді жұмыстар жоспары жасалып, іске асырылуы керек. «Жаныңда жүр жақсы адам», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сияқты жобаларды аудан, қа­лаларда іске асыруды, өз жетіс­тік­теріңізді дәріптеуді тапсырамын. Бұл жөнінде мамыр айының 1-іне дейін нақты ұсыныстар беріліп, жұмыстар басталуы тиіс. Әр аудан мен қалада тарихи, мәдени ескерткіштердің тізімі жаңартылып, жастарға тәрбиелік мәні бар шаралар өткізілуі тиісті, – деген облыс әкімі Амандық Баталов актив жиналысын қорытындылады.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Соңғы жаңалықтар