Қазақстан • 18 Сәуір, 2017

ШҚО-да жел электр станциясы салынады

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлан ауданының Тайынты асуында жел электр станциясы салынады. Құрылысы жыл соңына дейін жоспарланған станция Ұлан ауданын толықтай электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы.

ШҚО-да жел электр станциясы салынады

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдылық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмат Арсламбаев мәлімдеді.

– Қазірге дейін Тайынты асуында қажетті зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жоба өз соңына жетті. Енді келесі жартыжылдықтан бастап жаңа станцияның құрылысы басталады. Қуаты 24 МВт болатын станция Ұлан ауданын толықтай электр қуатымен қамтамасыз етіп, қалған қуат республикалық жалпы желіге жіберілетін болады, – деді Алмат Арсламбаев.

Соңғы жаңалықтар