Қазақстан • 18 Сәуір, 2017

Түлкібастық шаруалар Африка жайынын өсіріп жатыр

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аптап ыстықта өмір сүретін Африка жайынын таулы Түлкібас өңірінің шаруалары қолға алып, бұлақ суында өсіріп жатыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Түлкібастық шаруалар Африка жайынын өсіріп жатыр

Арнайы бассейіндерде жіберілген балық Ресейден әкелінген. Бүгінде 100 мыңға жуық шабағы  бар шаруашылықта балықтарға  қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Мәселен, оларға арнайы жем дайындалып, қоректенділеді. Сонымен қатар, судың температурасын бірқалыпты сақтау үшін бассейіндерге арнайы жылу жүйесі орнатылған.

Арнайы күтіп бапталып өсірілген бір балықтың өзі 120 келіге дейін ет береді. Жерсінбей өсіп келе жатқан Африка жайынын Төле би ауданы мен Түркістан, Шымкент қаласының тұрғындары сұраныс білдіріп, сатып алған. Шаруашылықтың негізгі мақсаты  шабақтарды қолдан көбейтіп, облыс халқын  ерекше балық етімен қамтамасыз ету.

Шаруашылық иесінің айтуынша, сом жайлы мәліметті интернеттен оқып, тіпті Ресей балықшыларынан тәжірибе алмасқан. Алдағы уақытта шаруашылық мемлекеттен берілетін несиеге қол жеткізіп, шаруашылық жұмысын ары қарай дамытуды жоспарлап отыр.

Жалпы Түлкібас ауданында бұрындары теңіздің ащы суында өсетін бекіре мен форель балықтарын өсірсе, енді міне африкалық сом өсіруді қолға алып отыр.

Соңғы жаңалықтар