Аймақтар • 18 Сәуір, 2017

Өскеменде 20 гектар жер өртке оранды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің өзге өңірлерi қар суымен арпалысып жатқанда Өскеменнің іргесінде өрт шықты. Бүгін түс ауа Шешек асуы маңында саяжайларға жақын аумақта тұтaнған тiлсiз жауды өскемендiк өрт сөндірушілер тез арада ауыздықтап үлгерді.

Өскеменде 20 гектар жер өртке оранды

"Қызыл жалынмен үш сағаттай арпалыстық. Толығымен сөндірдiк деп айта алмаймыз. Кейбiр тұстар қайтадан тұтануы да мүмкін. Сондықтан кезекшілік қойып, бақылауда ұстайтын боламыз", - дейді Өскемен қалалық N 3 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Павел Ларионов. Өрттi сөндіруге 5 автоцистерна, 1 орман техникасы мен жеке құрамының 20 адамы жұмылдырылыпты. 

Облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, қызыл жалын 20 гектар жерді жайпап өтіпті.

Азамат Қасым,

"Егемен Қазақстан"

Өскемен

Соңғы жаңалықтар