19 Сәуір, 2017

Қарым-қатынастар жайы сөз болды

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Мемлекеттік кеңесі Премьерінің бірінші орынбасары Чжан Гаолимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Қарым-қатынастар жайы сөз болды

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, ғы­­лы­­ми-техникалық, қаржы, энер­­­гетика, мәдени-гумани­тар­­­лық сала­лардағы өзара іс-қи­­мыл мәсе­лелері, бірлескен ірі жо­балар­­ды жоспарлау мен ұзақ мер­­зімді бағдарламаларды әзір­леуді қоса алған­да, көліктік-тран­зиттік және инфра­құры­лым­дық өзара іс-әрекет сала­ларын­дағы мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында қазақстандық «Нұрлы жол» ұлттық экономи­калық бағдарламасы мен Қытай­дың «Жібек жолының эконо­микалық белдеуі» бастама­сын түйіндестіру бойынша Ынтымақтастық жоспарын іске асыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Жоспарға Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізуінің қорытын­дысы бойынша 2016 жылғы 2 қыркүйекте Ханчжоуда қол қойылған болатын.

Кездесу барысында ауыл шаруа­шылығы саласындағы, қазақ­­стандық шаруалардың өнім­дерін Қытай нарықтарына экс­порттауды ілгерілетудегі ын­ты­мақ­тастық келешегіне баса назар ау­дарылды. Сонымен қатар, су қаты­настары, трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау мәселелері қаралды.


Соңғы жаңалықтар