Кино • 19 Сәуір, 2017

«Қазақфильм» киностудиясы байқау жариялады

820 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сценарий жобалары 2017 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады.

«Қазақфильм» киностудиясы байқау жариялады

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметражды көркем фильмдердің сценарийлерін қарастыру үшін байқау жариялады. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шарт бойынша, байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады. 

«Сценарий көлемі 5-20 бет болуы керек. Мәтін қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ кинематография саласында бұрын жасаған режиссерлік жобалары, тәжірибесі болса құба-құп» делінген баспасөз баянында. 

Сценарий мазмұнында конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көрініс сахналар болмауы тиіс. 

Сценарийлер 2017 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады. «Дебют» ШӨБ қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілуіне кепілдік бермейді. 

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ – Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеңде тұрған өнімдермен (оның ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тарихы 1934 жылдан бастау алады. 


Соңғы жаңалықтар