Қазақстан • 19 Сәуір, 2017

Бауыр ісігін емдеудегі жаңа тәсілдер

3689 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бауырдың қатерлі ісігі жыл өткен сайын қарқынды түрде етек жайып барады. Қазақстанда бүгінде бауырдың қатерлі ісігі барлық ісік патологияларының ішінде 5-ші орынға шыққан. Осы орайда, Алматы онкология орталығы еліміздегі барлық онколог мамандар үшін алғаш рет «Мультитәртіптік тәсіл – гепатоцеллюлярлы карциноманы сәтті емдеу негізі» тақырыбында шетелдік мамандармен бірге шеберлік сағатын өткізді.

Бауыр ісігін емдеудегі  жаңа тәсілдер

Еліміздегі онкологтар ал­дында тұрған басты мақ­сат – қатерлі ісік дертіне шал­­дығушылар санын азайта түсу. Осы мақсатқа жету жо­лында дәрігерлеріміздің бір­шама жетістікке қол жет­кізгенін айтпай кетуге бол­мас. Дегенмен, аталған са­ладағы шешімін таппай ке­ле жатқан мәселелерді ше­шу жолында өзге елдер ма­мандарымен тәжірибе ал­маса отырып, қатерлі ісік дерттерін, әсіресе бауырдың ге­патоцеллюлярлы карциномасын емдеу әдістерін жақ­сартуда ортақ шешімдер қа­былдаудың маңызды екені анық. Қатерлі ісік оша­ғын радиожиілік абляция­сы арқылы емдеу, яғни ба­у­ыр­дағы және өзге де іш­кі мү­ше­л­ердегі қатерлі ісік ошақ­та­рын жансыздан­дыру ар­қы­лы емдеу тәсілі бірқатар шет мемлекетте кеңінен қол­даныла бастағанымен, Қазақстан үшін тың емдеу тә­сілі болып табылады. 

Алматы онкологиялық ор­талығы шақыртқан ре­сей­лік, украиналық, бе­ло­руссиялық жоғары дәрежелі ма­мандар екі күндік ше­бер­лік сыныбы барысында елі­міз­дің дәрігерлеріне бауыр ісі­гін отасыз емдеудің аз ин­вазивті тәсілін үйретті. Көп­теген науқастардың дер­ті соңғы сатысына өтіп кет­кенде ғана анықталып жа­татындығы бармақ тіс­тет­кен­мен, радиожиілік абляциясы арқылы емдеу тәсілін сондай ауыр науқастар үшін де қолдануға болады, дейді шет­елдік мамандар.

«Алматы онкологиялық орталығы» МҚК ШЖҚ бас дәрігері Дамир Дәу­летбаевтың айтуынша, атал­ған шеберлік сынып­та­рының ерекшелігі – ал­ғаш рет бауыр рагын ке­шен­­ді емдеу тәсілдері де қа­растырылған екен, ал бұ­рын тек жекелей ем түр­ле­­рі ғана қарастырылған. «Қазақстанда жыл сайын бау­ыр рагымен мыңнан ас­там адам тіркеуге алынып жа­тады. Бауыр рагының ш­а­мамен, 60-90 пайыз жағ­дайы бауыр циррозы мен вирустық гепатиттің асқынуы салдарынан ту­ын­дай­­ды, циррозбен ауыратын нау­қастардың 5 пайызында өрбиді. Бауыр рагына шал­дық­қан науқастардың шама­мен үштен бір бөлігіне ота жа­сауға болады», деді бас дә­рігер.

Ал Ұлы Отан со­ғы­сы мүгедектеріне ар­нал­­ған республикалық кли­ни­калық госпитальдың ди­ректоры Жеткерген Арзықұлов осы басқосуда жа­саған баяндамасында «Қазақстанда біліктілігі шет­елдік дәрігерлерден еш кем түспейтін хирургтер бар­­шылық. Тек онкологтер ға­на емес, гастроэнтеро­лог­­тер, инфекционис­тер, УЗИ мамандары да бірігіп, бау­ыры ауырып келген нау­қас­тан апта сайын анализ алып, бірге бақылап отырса, аурудың ісікке айналып кетпеу мүмкіндігіне ие болар еді. Салдармен кү­рескеннен гөрі, себеппен күрес әлдеқайда тиімді бо­латыны рас. Жақсы нә­тижеге қол жеткізу үшін нау­қастарды тексеруден өт­кі­зу жүйесін өзгерту керек шы­ғар», деген пікір білдірді.

Шеберлік сыныбына елі­міздің әр облысынан ар­найы келген гепатолог, хирург, сәулелік диагнос­тика бөлімінің мамандары қатысты.

Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ