Қоғам • 18 Мамыр, 2024

ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 18 мамырында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

фото: gov.kz

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны  туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды», деп жазылған мәлімдемеде. 

Сонымен қатар Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

«Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр», деп хабарлады ведомстводан.