Медицина • 20 Сәуір, 2017

Білімді елдің келешегі кемел

233 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің бетінде өзекті мәселе көтерген мақаласында Елбасы идеологиялық жұмыстарға баса мән беріп, осы бағытта нақты міндеттер жүктеді. Мақаланың жалпы мазмұны кейінгі жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси-экономикалық, конституциялық реформалармен, ауқымды стратегиялық бағдарламалармен тығыз байланыста екені даусыз.

Білімді елдің  келешегі кемел

Бұл ретте, Елбасы өзі атап өткен­дей, идеологиялық бағыт­ты эко­но­микалық өркендеумен қатар дамытып отыру қай кезең­де де біздің өркениетке ұмты­луы­мыздың басты принциптерінің бірі болып келген.

Бұған дейін де жарияланған Елба­сы­ның мазмұнды мақала­лары қазақстандықтардың көкейі­нен орын алып, онда айтылған мақсат-мүдделер ел өркендеуін қамтамасыз ететін ауқымды стра­тегиялық бағдарламаларға негіз болғанын білеміз. Өткен жылы ел газеті «Егемен Қазақ­станның» бірнеше нөмірінде жарық көрген «Ұлы Дала ұла­ғат­тары» деп аталатын фи­­ло­­со­фия­лық құнды туындысы бар­­­­ша қазақстандықтарға рухани азық болғаны анық. Ел басқа­рып, өрелі сөз, өнегелі ісімен ұлтты ұйыс­­­­тырған кемеңгер тұлға – Нұрсұлтан Назарбаев бұл ең­бегінде де қазақ елінің тари­хы, жер тағдыры, қоғам дамуы мен Тәуелсіз ұрпақтың келеше­гі, ұлт­тық құндылықтар мен адам­зат­тық мәселелер төңірегінде терең толғаған болатын.

Елбасының бұл жолғы «Бо­ла­­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласын да барша қазақстандықтар ерек­ше ықы­ласпен қабылдады. Туған жері­­міздің тұтастығы мен ел болаша­ғының негізін анық­тай­тын саяси-идеологиялық құжат деңгейінде жазылған бұл еңбекте егемен еліміздің руха­ни жаңғыруына айрықша мән берілуі тегін емес.

Жаһанданған әлемде өз келбет-кескіні мен ұлттық құн­ды­лықтарын сақтап қалатын, бәсекеге қабілетті, белсенді халық қана болашағына зор сеніммен қарай алатынын өмірдің өзі көрсетуде. Елбасы рухани жаң­ғырусыз экономикалық жетіс­тікке жетіп, өркениет төрінен орын алу мүмкін еместігін дәлел­деп, болашаққа деген бағдары­мызды айқындап отыр.

Мақаланың «Білімнің сал­танат құруы» деп аталатын бөлі­мінде Елбасы: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Біз жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін не­ғұр­лым қиналмай, жеңіл өзгерту­ге қабілетті, аса білімдар адам­дар ғана табысқа жетеді. Осы­ны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шы­ғыс­тарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдер­дің санатына қосылып отыр­­мыз» – деп, озық білім мен ғы­­лым­ды игер­ген елдің келе­ше­гі зор бола­ты­ны­на баса назар аударт­ты. Осы орайда, Елбасы­мыз ел жас­тарына үлкен үміт артып отыр.

Біздің университеттегі сту­дент­тердің 90 пайыздан астамы ауыл жастары. Сондықтан, мем­лекет жүктеген міндеттер бойын­ша біз еліміздің әр түкпірінен келген білім алушыларға заманға сай, әлемдік деңгейдегі білім мен ғылымды игеруге барынша жағдай жасап отырмыз. Біздің мақсатымыз – ауыл-ауылдардан келген студенттерімізге заманауи білім беріп қана қой­май, олар­дың Ел мен Жердің қас­иетін баға­лайтын, ұлт болаша­ғы­на сенім­мен қарап, Ұлы Дала­мыз­дың ұлағатын бойына сіңірген, туған топырақтың қадірін біліп, ауылын қадірлейтін және сол ауылдың зиялысына айналатын тұлға ретінде қалыптастыру. Бұл ретте Елбасы мақаласында ай­тылған ерекше ойлар, біздің жас­тарымызға жігер бере түсе­тіні сөзсіз. Мақаладан түйгені­міз: болашақта егемен еліміздің тұғыр­ы берік болып, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, са­на­лы тәрбиесі бар, рухы биік, отансүйгіш жастар мен инновациялық технологияларды игерген білікті мамандар ғана биік белесті бағындыра алмақ.

Тарихи шешімдерге негіздел­ген мақаласында Елбасы ауыл­ды көркейту мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Ауылды өркендетіп, кәсіпкерлікті дамыту, жер бай­лы­ғын халық игілігіне пайдала­ну мәселелерін әр кезде қада­ға­лап отыратын Елбасы атал­ған бағ­дарлама арқылы ауылды көр­кейтуге, отандық агроөн­діріс­тік кешенді дамытуға байланысты жаңаша көзқарас қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Елбасының ауылды көтеру­ге бай­ланысты көтерген баста­ма­ларын қоғамның барлық дең­гейін­де жаңғыртып, халықтың санасына жеткізу парыз. Бүкіл қазақ­стандықтарды ауыл пробле­масына көңіл аудар­ту арқылы мемлекеттік беріктігі­мізді де күшейте түсеміз. Өйткені, «Ауыл­­­дың өркендеуі – мемле­кет­т­ің өркендеуі». Ғалым ретінде ай­тар болсам, біз елдің азық-түлік қауіп­сіздігінің төркіні ауыл­да екенін ұғынуға тиіспіз. Бұл ретте ауылдың жаһандық эконо­ми­калық үдеріске енгенін ескеруді бүгінгі әлемдік экономикалық жағдай анық байқатты.

Ауылға өзгеріс пен жаңа­лық­ты әкелетін білім, ғылым­мен қаруланған жас мамандар. Өз тәжірибемізге келсек, Қазақ ұлттық аграрлық универ­сите­ті мемлекеттік саясат ұстаным­дарына сүйене отырып, Елба­сы анықтап берген нақты страте­гиялық бағыттармен жұмыс істеп келеді. Отандық аграрлық білім мен ғылымның қара шаңы­рағы, елі­міз­дегі аграрлық сала маман­дары­ның ұстаханасы саналатын уни­верситетіміз негізінен ауыл эко­номикасын көтеруге қыз­мет ететін білікті кадрлар даяр­лай­ды. Ауылдан шыққан жастар бі­лім алатын университет түлек­тері­нің басым бөлігі бүгінде ауыл зия­лы­­лары­ның қатарын қалып­тас­ты­руға негіз бола жүріп, елі­міз­дің түкпір-түкпірінде еңбекке араласып, қалтқысыз қызмет етуде. Қазақ халқының алтын тамы­ры – атамекен ауыл екенін әр­бір қазақстандық жас жете түсі­не­тін уақыт келді. Елбасы ұсы­нып отырған «Туған жер» бағ­дар­ламасы ауылдың әл-ауқатын көтеру арқылы жалпы­ұлттық патриотизмнің өзегіне айналмақ.

Әлемдік тәжірибе көрсет­кендей, ауылды көркейту бір ғана ынтамен шешілмейді, осы сала­да жұмыс істейтін әрбір адам­нан ғылым жетістіктерін, оны өн­ді­­рісте пайдалану тәжірибесін игеру­ді талап етеді. «Білекті бір­ді, білімді мыңды жығады» дей­ді халық нақылы. Бүгінде Қазақ­стан халқының 43 пайызы ауыл­дық жерлерде тұрады. Олар­дың ішіндегі жартысына жуы­ғы жас­тар. Осы орайда, мем­ле­кет беріп отырған оңтайлы мүм­кін­­­дік­­терді пайдалана оты­рып, ауыл жастары заманға сай озық бі­лім алып, жи­нақ­таған мол тәжі­ри­бе­лерін еге­мен елі­міз­дің ір­гесін мықтауға, эко­но­­ми­ка­мызға серпін беру ісін жан­­дандыра түсуіміз қажет.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы мәсе­лесіне кезекті рет тоқталып өткен Елбасы эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүм­кіндік беретінін айта келе, «эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақ­стан­дықтың жеке басы­ның дер­бес бағ­дарына ай­налуға тиіс» – деп тұжырым­дайды. Осын­дай дұрыс, және ғылыми негіз­дел­ген бас­шы­лық шешімдер мен эволю­ция­лық дамудың нәти­жесін­де ғана Қазақ­стан қарыштап да­мып, бүгін­гі күні әлемдегі бәсе­­ке­ге қабі­летті 50 мемлекеттің ара­­сына қосылып үлгерді. Ең бас­ты­сы, адам өміріне қолайлы, оның еңбек етуіне, білім алуына, рухани дамуына ыңғайлы қоғам құрылды. Ендігі кезекте Елбасы өз мақаласында атап өткендей, біз қазақ қоғамының рухани ір­ге­та­сы болып табылатын ұлт­тық құн­ды­лықтар мен жалпы­а­дам­за­т­тық гуманитарлық игі­лік­тер­ді әс­петтеп, рухани жаң­ғыру­дың жаңа сатысына көтерілуге тиіспіз.

ХХI ғасырдағы ұлттық сана туралы толғаған Елбасы мақа­ласын­да еліміз мықты, әрі жауап­кершілігі жоғары Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымызды және қоғамдық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарын ортаға салған Елбасы әрбір қазақстандықты руха­ни жаңғыру үрдісін қалып­тас­тырып, дамытуға өзіндік үлес қосып, бірлік пен ынтымақта ұйысуға шақырды.

Тілектес ЕСПОЛОВ,

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик

АЛМАТЫ



Соңғы жаңалықтар