Аймақтар • 20 Сәуір, 2017

Қауіп-қатер көлемі азайды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты 4 елді ме­кен аумағында су сору мен тасқын суға қарсы жүр­гі­зілген жұмыстар нәтижесінде тұрғындар өз үйлеріне орала бастады.

Қауіп-қатер көлемі азайды

Тасқын су аймақтағы елді ме­кендерде орналасқан 36 үй мен аулаларға жайылған болатын. Апатты жағдайдың алдын алу мен шұғыл ұйымдастыру жұ­мыстары дер кезінде жүр­гі­зіл­гендіктен, бүгінде тұр­ғын­дар өз үйлеріне орала бас­тады. 

Жалпы, өңірде соңғы кез­де­рі күн күрт жылып, қардың еруі же­делдеген. Соның салдарынан Жамбыл ауылына тасқын қаупі тө­ніп тұр. Еріген қар суы мұнда 22 үй мен аула ішін басып қал­ды. Ағын су, сондай-ақ, 4 өт­кі­зу каналының 200 метрдей тұ­сын жарып өт­кен. Қазір су сору және оны қау­іпсіз жермен ағ­ы­зу жұ­мыс­тары жалғасуда.

Жергілікті тұрғындарды ал­дын ала хабарландыру мен қау­іп­­-

сіз жерге көшіру жұ­мыс­тары да уақтылы жүргізіліп, орын алу­ы мүмкін қауіп-қатер көлемі азайды. Бүгінде су басқан ай­мақтарда төтенше жағдайлар жө­­ніндегі құрылымдардың ма­ман­дары мен жергілікті жер­дің по­лицейлері, тиісті ме­ке­ме­л­ер­дің өкілдері қауіпсіздік ша­ра­ла­рына жұмылдырылған.

Кеше Қостанай облысының аумағына Жамбыл облысының жедел-құтқару қызметі көмекке келгендігін де айта кетейік.


Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан»


Қостанай облысы