Қазақстан • 21 Сәуір, 2017

Әскердің басты күші – тәртібі мен бекем бірлігі

231 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Биыл Әскери полиция қызметінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай біз Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери полиция бөлімінің бастығы, полковник Данияр ӘБДІБЕКОВПЕН әңгімелескен едік.

Әскердің басты күші – тәртібі мен бекем бірлігі

– Данияр Мәлікұлы, өзара әңгі­ме­мізді Әскери полиция қызметінің құ­рылу тарихына қысқаша шолу жасау­дан бастасақ.

– Әскери полиция Елбасының 1997 жылдың 22 сәуіріндегі «Құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» Жарлығына сәйкес құрылды. Бұдан кейін Президент Жарлығының негізінде «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Заңның 10-бабына толықтыру енгізіліп, әскери полиция қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары, мәртебесі мен мақсаты ай­қындалды. Ал 2005 жылдың 21 ақ­па­нында «Әскери полиция органдары ту­ралы» арнайы заң қабылданды.

Жалпы алғанда, Әскери полиция қызметі Қарулы Күштеріміздің бар­лық әскери бөлімдеріндегі әскери қыз­мет­шілер жасауы мүмкін қылмыс пен құ­қық бұзушылықты анықтау, гарни­зон­дарда, әскери құрылымдар мен әс­ке­рилердің отбасы орналасқан жерде тәр­тіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери автомобиль техникасын заң­ды пайдалануға беру мен әрі сапалы ұй­ым­дастырылуын қадағалау бағыттары бой­ынша қызмет етеді. Әскери полиция әлем­нің 40-тан астам елінде жасақталған. Олар­дың қатарында АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай және ТМД мемлекеттері бар.

– Әскери ұжымдарда түрлі құқық бұ­зушылықтар орын алып жатады. Мұн­дай жағдайлардың туында-

уына нен­дей себептер әсер етеді деп ойлайсыз?

– Жалпы, әскери сала қатаң тәртіпті ұстануы тиіс. Әскер әлеуеті оның тәр­тібіне байланысты айқындалады. Мем­ле­кет үшін өзінің қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету­ден артық міндет жоқ. Бұл мін­детті ті­келей атқаратын – әскери сала қыз­мет­керлері. Сондықтан да әскери ортада тәртіптің қатаң сақталуы өте маңызды.

Әрине, әскери бөлімдерді техника құралдары емес, адамдар бас­қа­рып отыр. Басшылықтағы осы аза­мат­тар­дың жұ­мыс істеу қабілетіне бай­л­а­нысты ұжым­дар әртүрлі деңгейде қа­лыптасады. Мә­селен, бір жерде жағ­дай қалыпты болса, ал екінші бір жер­лерде тәртіп деңгейі төмендеу бо­лып жатады. Ал осы тізгіні бос ұжым­дар­да, бақылауы на­шар әскери құ­ры­лым­дарда құқық бұ­зу­шылық әрекеттер болмай тұрмайды. Қыс­­қасы, әскери саладағы құқық бұ­зу­шы­лықтардың туындауының басты се­бе­бі – тәртіптің нашарлығы.

Патриотизм рухындағы әңгімелер ұдайы айтылып, үздіктер әрекеті үл­гі ретінде ұсынылып отыратын ор­та­да келеңсіз көріністер аз болады. Біз құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиісті шараларға ба­са мән беруіміз керек. Әсіресе, орын алған жөнсіздіктерді әскери ұжым­дар­да талқылаудың маңызы зор. Мә­се­лен, емделу орнында жатқан екі сар­баз өзара кикілжіңге келіп, жұ­ды­рық­тасып қалады. Осыған байланыс­ты біз Қарулы Күштердің Ішкі қызмет жар­­ғы­сының 12 және 15-баптары бо-

й­ынша қылмыстық іс қозғадық. Қа­ру­ла­сын қас­ақана ұрған сарбаздың ісі Ал­маты гарнизонының көшпелі сот отырысында қаралды. Сот ісі әскери бө­лімде өткізілді. Мұндағы мақсат заң­ға қайшы қадамға барған азаматтың кі­­нә­сін өзінің жеке құрамы, қарулас дос­­тарының алдында мойындату, сон­дай-ақ, өзге де сарбаздарға әрбір құ­қық бұ­зушылық әре­­кеттің заңмен қу­да­ла-

н­атынын ұқтыру еді.

Мұндай шаралар өзінің тиімділігін көр­сетпей қоймайды. Нәтижесінде, ке­лең­сіздік атаулы сап тыйылып, тәртіп күшейеді. Қай ортада болса да осындай алдын алу шараларының арқасында үлкен жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.

– Өз Отанына адал қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бұл абыройлы міндеттің мән-ма­ңызын жас­тарға түсіндіру күн тәр­тібінен түс­пе­уі тиіс. Сіздің ойы­ңыз­ша, жас ұр­пақ­ты отан­шыл­дық­қа, елін сүюге тәр­­биелеу үшін қандай мә­­селелерге ба­сымдық берілуі керек?

– Қазақтың Ұлы Отан соғысында қа­за тапқан талантты жазушысы Бау­бек Бұлқышевтың «Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ», деген сөзі бар. Міне, осы бір ауыз сөзден-ақ Отан­ның қадір-қасиетін аңғаруға болады.

Нағыз патриот өзінің ісімен, үлгі боларлық әрекетімен көріне біле­ді. Біз жастарды отаншылдыққа тәр­бие­ле­генде елді тек қарумен ғана емес, ақыл­мен де қорғау керектігін насихат­тау­ымыз қажет. Отан қорғау жолында құрбан болған батыр, ержүрек ата-бабаларымыздың ерліктерін, мем­лекетіміздің дамуы, өсіп-өркендеуі жолында терін төге еңбек еткен тұлға­ла­рымыздың еңбегін үлгі етіп, насихаттап, ардақтағанымыз абзал.

Нағыз отансүйгіш азамат қана ер­жүрек сарбаз бола алады. Сондықтан әрбір азамат қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленуі тиіс. Осы орайда әскери орта патриотизмді адам бойына сіңіруде үлкен үлес қосатын сала екенін қаперден шығармағанымыз жөн. Сол үшін де әскери ұжымдарда пат­­риотизмге тәрбиелеу ісін басты на-

з­а­р­да ұстау маңызды.

– Елбасы ұсынған «Мүлдем төз­беушілік» қағидаты бойынша сіз­дер­дің тараптарыңыздан қандай жұ­мыстар атқарылуда?

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы – қалыптасқан мемлекеттің жа­ңа саяси бағыты» Жолдауында қо­ғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төз­беушілікті қалыптастыру міндеті қо-

й­ылды. Елбасы осы Жолдауында «Да­мыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъез­ден, жинақы ауладан, таза көшеден және жар­қын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұ­за­қылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмір­дің сапасына селкеу түсіреді. Тәр­тіп­сіз­дік пен бетімен кетушілік елеу­лі қыл­мыс­т­ар­ға жол ашады», – деген болатын.

Осыған байланысты, Әскери поли­ция бөлімі арқылы жүргізілген про­фи­лактикалық шаралардың нә­тижесінде «Оң­түстік» өңірлік қол­бас­шылыққа қа­рас­ты әскери бөлімдер бойынша өткен 3 ай мерзім уақыт аралығында «Мүлдем төз­беушілік» қағидатына қатысты бар­лығы – 11, ал 2016 жыл бойынша 34 құ­қық бұзушылық деректері анықталып, кі­нә­лілер жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек, заңға қайшы әре­кет­тердің алдын алуға бағытталған «Құқық ап­та­сы» профилактикалық іс-шаралары аясында «Мүлдем төзбеушілік» акция­сы үнемі ұйымдастырылып отырады. Сон­дай-ақ, өткен жылы бізге 334 ха­бар­­лама түсті. Олардың барлығына қа­­­­тысты жедел әрекет етіп, анықтау ша­­­­раларын жүргіздік. Атқарылған ша­­­­р­а­лар нәтижесінде 223 хабарлама бой­­­­ынша ақпарат расталмады, 34 ха­бар­­­лама бойынша соталды шаралары жүр­гізілді, 66 хабарлама басқа құқық қорғау органдарының құзыретіне жолданды, 17 іс бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Ал 2017 жылдың алғашқы тоқ­са­­нында 84 хабарламаны тексердік. Олар­дың 3-еуі бойынша әкімшілік құ­қық бұзушылық деректері расталып, кінәлі деп табылғандар жазаға тартылды.

Әңгімелескен 

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ