30 Сәуір, 2011

Өзара әрекеттестік көрінісі

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Доха қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаровтың Катар мемлекеті Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхамед Абдалла М. Әл-Румейхимен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында казақстан­дық дипломат өзінің әріптесіне алдағы 28-30 маусым күндері Астана қаласында өтетін Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысуға Катар Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Хамад бен Джасим бен Джабер Әл Тәниге арналған шақыруы бар Қазақстан Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың арнайы хатын та­быстады. М.Әл-Румейхи Қазақстанда тәуелсіздіктің соңғы 20 жы­лын­да қол жеткізілген оң өзге­ріс­терді атап өтіп, Президент Н.Назар­баев­тың дамыған мемлекет құру қабілетін жоғары бағалады. Халықаралық күн тәр­ті­біндегі өзекті мәселелер бо­йын­ша ынты­мақтастықты одан әрі дамытудың зор әлеуетін білдіре отырып, катарлық тарап Қазақстанмен экономикалық, гу­манитарлық салаларда, оның ішінде, конфес­сияаралық үнқа­тысуды одан әрі дамыту бағы­тында өзара әрекет­тесуді терең­дете түсуге ықыласты екендігін білдірді. Кездесу барысында Қ.Омаров сұхбаттасына Қазақстаның ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңе­сін­дегі төрағалығы кезіндегі қыз­метінің басымдықтары тура­лы, сонымен қатар, сол кезеңдегі елімізде өткізілуі жос­парланған шаралар жөнінде әң­гі­мелеп берді. Жоғары лауазымды дипломат катарлық тараптың Қазақстанның ИКҰ-дағы төрағалығына барын­ша қолдау көрсететіндігін айтып, осы бір жауапты істе сәттілік тіледі.