30 Сәуір, 2011

Қайырымдылық көмек

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орал қаласында тасқын судан зардап шеккен әлеуметтік мекеме­лердің бірі – қариялар мен мүгедектер үйі. Мұндағы қосымша ғимараттарға су кіріп, ылғал тартқандықтан, адам­дардың тұруына жарамай қалды. Сондықтан олар бас ғимаратқа ығыс­тырылып, қазір екі адамның орнына төрт адам сығылысып күй кешуде. Бұл көріністің өзі аталған әлеуметтік мекемеге шұғыл қосымша ғимарат тұрғызу қажеттігін көрсетеді. Осындай күрделі жағдайда оларға алғаш қайырымдылық көмек жасаған К.Жақыпов басқаратын Орал қа­ла­сын­дағы «Құры­лыс­газ» ЖШС ұжы­мы. Шара со­ңын­да қариялар атынан Ғайса Сәрсенбиев өз ризашылығын былайша жеткізді: – Сексеннен асып, селкілдеп қал­ған шағымызда бізге көп нәрсенің қажеті жоқ. Онсыз да біз мемлекет қамқор­лы­ғына бөленіп отырмыз. Дегенмен, ықы­лас, ниет қай кезде де артық­тық етпейді. Кәримолла бауы­рымыз басқаратын кә­сіпорын ұжы­мы­на шексіз ризамыз. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.