Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Сенатор су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді аралады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері Сенат депутаты Рашит Әкімов Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде сапарда болды.

Сенатор су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді аралады


Р.Әкімов Целиноград ауданындағы Семеновка ауылында жергілікті атқарушы органдардың жұмысымен танысты, тұрғындармен кездесіп, үй-жайын аралап көрді. Сенатор жағдайдың тұрақты бақылауда екенін және туындаған өткір мәселелер жедел түрде шешіліп отыратынын айтты.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде Р.Әкімов «Мен өз көзіммен көрейін, жағдайды бағалап, білейін деп келдім. Табиғатты жүз пайыз болжау мүмкін емес. Басшылар қолдан келгеннін бәрін жасап жатыр. Ешкім Сіздерді ұмытқан жоқ, депутаттар Үкіметке тиісті сауал жолдады. Қазіргі кезде бүкіл облыс Сіздерге көмек көрсетіп жатыр», деді.

Ауданда апат салдарынан келген зиян көлемін есептейтін арнайы комиссия жұмыс істеуде. Депутат көктемгі еріген судан зардап шеккендерге көмек көрсеткен еріктілерге алғыс айтты. Тұрғын үйлерінен, мүліктері мен малынан айырылған тұрғындарға қоғамдық ұйымдардың, кәсіпкерлерлердің және қайырымды жандардың тарапынан көмек беріледі.

Р.Әкімов Жаңажол ауылындағы тасқын суға салынған бөгетті де көрді. Сенатор осы өңірде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жанболат Смайылов пен Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеевтің қатысуымен жұмыс бабындағы кеңес өткізді.  


Соңғы жаңалықтар