Қазақстан • 25 Сәуір, 2017

Қазақстанда орыс тілді ақпарат құралдары азаюда

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​1991 жылдан бері қазақ тілді халық саны 37%-дан 2016 жылға дейін 82,3%-ға ұлғайып, мемлекеттік тілді үйренушілер саны 22,3%-ға көбейді.

Қазақстанда орыс тілді ақпарат құралдары азаюда

Ал орысша сөйлей алатын азаматтар саны 2015 жылы 0,6% азайып, 89,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды ranking.kz. 

Алдын ала болжам бойынша, 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95%-ы қазақша, 90%-ы орысша сөйлей алатын болады. 

Білім беру саласында қазақ тілінің мәртебесі нығайып келеді. 2016 жылы қазақ тілді мектептерді бітіргендер саны 70%-ға жеткен. Ал мектептер санына келер болсақ, қазіргі таңда білім беру мекемелерінің 53%-ы, яғни 3,8 мың мектеп қазақша оқытады. Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы бұл көрсеткіш 32% болған еді. 

Ақпарат құралдарының үлесіне тоқталар болсақ, 2016 жылы электронды БАҚ-тағы қазақ тілді контенттің үлесі 12,7% көбейіп, 84%-ға жетті. Ал орыс тілді контент көлемі 10,8% азайды. Дегенмен, элекронды ақпарат құралдары елдегі жалпы ақпарат көздерінің тек 16%-ын ғана құрайтынын ескеру керек. Қалғандары дәстүрлі басылымдар. Ондағы қазақ тілді контент көлемі 50%-дан асып жығылады. 

2016 жылдың соңында елде 2,9 мың бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Бұл 2015 жылғыдан 11% артық. Соның ішінде 23%-ы мемлекеттік ақпарат құралдары. Мемлекеттік БАҚ-тағы ақпарат ағынының 71%-ы қазақ тілінде тарайды. Бір жыл бұрын ғана бұл көрсеткіш 60% болған еді. Дегенмен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, қазақ тілді ақпарат құралдары мейлінше қызықсыз және өзектілігі төмен көрінеді. Сонымен қазақ қазақ тілді басылымдар арасында ақпараттық емес және мазмұнсыз ақпарат құралдарының бар деген пікір қалыптасқан. 

Қазақтар соңғы кездері ағылшын тілін белсенді меңгеруде. 1991 жылы ағылшын тілін белетін қазақстандықтар саны тек 2% болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 23,7%-ға жетті. 

Осының ықпалымен 2015 жылы 16%-ды құраған үштілді азаматтар саны 2016 жылы 20% болды. 

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024