Бизнес • 25 Сәуір, 2017

Шитті мақтадан табыс мол

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шардара ауданы Жаушықұм ауылындағы «Иіржар–агро» серіктестігі бес жылдан бері жаңа технологиямен шитті мақта егіп келеді.

Шитті мақтадан табыс мол

Жаңа технологиялық әдістің пайдасы мол екенін айтқан шаруалар бұл техника бір мезетте үш қызметті атқаратынын айтады. Мәселен, техника шит тұқымын шахмат әдісімен топыраққа біркелкі тастап, сонымен бірге тамшылатып суару жүйесін қоса көміп, оның үстінен пленка жауып та үлгереді. Осылайша, дәлдікпен егілген шит тұқымы тез өсіп жетілсе, тамшылатып суарудың нәтижесінде қоза көсегі түгелдей дерлік ашылып, өнім көрсеткіші екі есе артады. 

«Иіржар-агро» серіктестігінің атқарушы директоры Бақыт Қамбаровтың айтуынша, биылғы жылы мақтаның элиталық «2747» және қытай сорты егілген. Бір гектарға 270-280 мың теңге көлемінде шығын жұмсайтын шаруашылық берекелі күзде бұл шығынның еселеп қайтарына сенімдері мол.

Былтыр 240 гектарға шитті мақта егіп, әр гектарынан 51 центнер өнім алған серіктестік мақта алқабының көлемін 300 центнерге жеткізуді көздеп отыр.

Бақтияр Тайжан, 

"Егемен Қазақстан"

Оңтүстік Қазақстан облысы


Бақтияр ТАЙЖАН, 

«Егемен Қазақстан». 

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18