Бұрнағы күні Алматының «Қазақконцерт» залында халқымыздың қайталанбас атақты композитор әншісі Мұхит Мералыұлының 170 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ән Мұхиты» атты кеш өтті. Қазақ музыка өнерінің мақтанышы Мұхиттың әндерін сағынып, сусап қалған әнсүйер қауым көп жиналды. Салтанатты кешті атақты әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті, одан тәлім-тәрбие алған, республикаға еңбегі сіңген әртіс Сәуле Жанпейісова жүргізіп отырды. Сәуле Мұхиттың Қаратөбе топырағында өмірге келгенін, оның шығармашылық мұрасының музыкалық алтын қорымызға енгенін, ол асыл мұраны әлі де болса терең зерттеу қажет екенін тілге тиек етіп, толғамды пікірлерін білдірді.
Кешке қатысып өнер көрсеткен Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Қайрат Кәкімов, Жоламан Құжиманов, Ырысты Сүлейменова, Еркін Шүкіманов, Әзімхан Баймағанбетов, Нұрым Асқанов, Жанғоза Аяпов, Жұлдыз Сүндетқалиева, Венера Қаржаубаева, Бибігүл Сауытова, Самал Өмірзақова, Гүлсім Арысбаева, Мархабат Мықтыбеков, Еркін Нұрқанов, Ерлан Рысқали Мұхиттың әндерін нәшіне келтіре орындап, әнсүйер қауымды қуанышқа кенелтті. Сәуле Жанпейісова Мұхиттың бұрын айтылмаған, халыққа жетпеген бірнеше әндерін шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Ұлттық ән-күй – қазақтың жаны мен рухы. Рухынан айырылған халық құлдықтың қамытын киеді. Ел болашағына бейжай қарай алмайтын өнер жанашырлары көбейе берсін дегіміз келеді.
Ғалым ҚҰРАШ, журналист.
Суретті түсірген автор.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше