Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

Нұрлы болашаққа қадам

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біздің еліміз, шын мә­нінде, Ұлы Дала елі. Жо­ғары технологиялар қарыштаған қазіргі ке­зеңде және әлем келбеті сан құ­былып тұрған кезде еліміздің тәу­ел­сіздігі Ұлы Даланың қайта түлеуі бол­ды.

Нұрлы болашаққа қадам

Бүгінгі таңда Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Тұңғыш Президенті – Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мә­ңгілік Ел» жалпыұлттық идея­сы ынтымаққа шақырып, мә­де­ниеті бай, дәстүрі көркем дала өр­ке­ниетінің даңқын паш етті. Бұл бә­рімізді тек алға ұмтылдырады, ба­қытты болашаққа бастайды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» ма­қаласы алдыңғы бағдарламалық құ­жаттардың заңды жалғасы болды. Іске асқан реформалардың ар­қа­сында ғасырлар бойғы мәдени қа­зынаны бойына жиған Қазақстан жа­ңа сипат, жаңа келбетпен бүкіл әлем­ге есік ашқанын мақтанышпен ай­туға тиіспіз.

Мақалада адам мүм­­кін­діктерінің бә­се­кеге қа­білеті, саналы прагма­ти­зм, ұлттық бі­р­е­гей­лік­ті сақтау, білім­нің сал­танат құруы, елі­міз­дің эволюциялық даму­ы, келешек әлемдегі са­на­ның ашықтығы секілді ба­сымдықтар біздің хал­қымызға басты бағдарды қал­тқысыз таңдауға мүм­кін­дік бе­ре­ді. ал бұларды Мем­ле­кет басшы­сы түсіндіріп қана қоймай, та­яу жыл­дардағы күн тәртібін де бел­­гі­леп беріп отыр. Қазіргі жылдам өз­геретін аумалы-төкпелі заманда дәл әрі нақты айқындалған ба­сым­дықтар адастырмай, басты ба­ғыттан ауытқытпай, ең бастысы, ұлт­тық бірегейлік қалпымызды жо­ғал­тпай алға ілгерілеуімізге ықпал ететіні анық.

Ұлы Абай атамыз:

Сәулең болса кеудеңде,

Мына сөзге көңіл бөл, –

демекші, көзі ашық, көкірегі ояу жандардың алдағы күндердің сынақтарына қаншалықты дайын бо­луы олардың бәсекеге қабілетіне ті­келей байланысты. Сондықтан, Елбасының бұл мақаласы әрбір отандасымыздан қолдау табады деп сенемін.


Нұрлан ҚЫЛЫШБАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты


Соңғы жаңалықтар